Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #65 Translated in Kazakh

وَيُنَجِّي اللَّهُ الَّذِينَ اتَّقَوْا بِمَفَازَتِهِمْ لَا يَمَسُّهُمُ السُّوءُ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Аллаһ тақуаларды Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды жетістіктері тақуалықтары арқылы құтқарады. Оларға жамандық тимейді әрі олар қайғырмайды
اللَّهُ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ وَكِيلٌ
Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы әрі Ол әрбір нәрсенің үстінен кепіл, Сақтаушы
لَهُ مَقَالِيدُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۗ وَالَّذِينَ كَفَرُوا بِآيَاتِ اللَّهِ أُولَٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ
Аспандардың және жердің қазыналары Онікі. Аллаһтың аят-белгілеріне күпірлік ететіндер сенбейтіндер , міне солар шын зиян шегушілер
قُلْ أَفَغَيْرَ اللَّهِ تَأْمُرُونِّي أَعْبُدُ أَيُّهَا الْجَاهِلُونَ
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ей, надандар! Сендер маған Аллаһтан басқаға құлшылық жасауды бұйырасыңдар ма?» деп
وَلَقَدْ أُوحِيَ إِلَيْكَ وَإِلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكَ لَئِنْ أَشْرَكْتَ لَيَحْبَطَنَّ عَمَلُكَ وَلَتَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Ақиқатында, саған және сенен алдыңғыларға алдын өткен әрбір пайғамбарға : «Егер Аллаһқа біреуді серік етіп қоссаң, амалың жойылып кетеді әрі анық зиян шегушілерден боласың», деп уахи етілді

Choose other languages: