Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #68 Translated in Kazakh

قُلْ أَفَغَيْرَ اللَّهِ تَأْمُرُونِّي أَعْبُدُ أَيُّهَا الْجَاهِلُونَ
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ей, надандар! Сендер маған Аллаһтан басқаға құлшылық жасауды бұйырасыңдар ма?» деп
وَلَقَدْ أُوحِيَ إِلَيْكَ وَإِلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكَ لَئِنْ أَشْرَكْتَ لَيَحْبَطَنَّ عَمَلُكَ وَلَتَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Ақиқатында, саған және сенен алдыңғыларға алдын өткен әрбір пайғамбарға : «Егер Аллаһқа біреуді серік етіп қоссаң, амалың жойылып кетеді әрі анық зиян шегушілерден боласың», деп уахи етілді
بَلِ اللَّهَ فَاعْبُدْ وَكُنْ مِنَ الشَّاكِرِينَ
Сен Аллаһқа ғана құлшылық ет әрі шүкір етушілерден Оның берген игіліктеріне алғыс білдірушілерден! бол
وَمَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ وَالْأَرْضُ جَمِيعًا قَبْضَتُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَالسَّمَاوَاتُ مَطْوِيَّاتٌ بِيَمِينِهِ ۚ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Ал, олар кәпірлер Аллаһты Оның қадіріне сай бағалаған жоқ. Қайта тірілу күні жер бүтіндей Оның уысында, ал аспандар оралған түрде Оның оң қолында болады . Ол олардың серік етіп қосқандарынан пәк әрі жоғары
وَنُفِخَ فِي الصُّورِ فَصَعِقَ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ إِلَّا مَنْ شَاءَ اللَّهُ ۖ ثُمَّ نُفِخَ فِيهِ أُخْرَىٰ فَإِذَا هُمْ قِيَامٌ يَنْظُرُونَ
Әрі сүр үріледі де, аспандардағы және жердегі Аллаһ қалағаннан басқа барлығы да құлайды өледі . Содан кейін ол тағы бір рет үріледі, сонда олар түрегеп, қарап тұрады

Choose other languages: