Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #127 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قَاتِلُوا الَّذِينَ يَلُونَكُمْ مِنَ الْكُفَّارِ وَلْيَجِدُوا فِيكُمْ غِلْظَةً ۚ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ مَعَ الْمُتَّقِينَ
Ей, иманға келгендер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендер­ден бір қатаңдық байқасын. Әрі күмәнсіз, Аллаһтың тақуалармен Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен! бірге екенін біліңдер
وَإِذَا مَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ فَمِنْهُمْ مَنْ يَقُولُ أَيُّكُمْ زَادَتْهُ هَٰذِهِ إِيمَانًا ۚ فَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا فَزَادَتْهُمْ إِيمَانًا وَهُمْ يَسْتَبْشِرُونَ
Бір сүре түсірілген кезде олардың арасынан: «Бұл қайсыларыңның имандарыңды арттырды?» дейтіндер бар. Бұл иманға келгендердің иманын арттырды әрі олар қуанышқа бөленуде
وَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ فَزَادَتْهُمْ رِجْسًا إِلَىٰ رِجْسِهِمْ وَمَاتُوا وَهُمْ كَافِرُونَ
Ал, жүректерінде дерті барларғабұл сүре күмәндарының үстіне күмән қосады да олар кәпір имансыз күйлерінде өледі
أَوَلَا يَرَوْنَ أَنَّهُمْ يُفْتَنُونَ فِي كُلِّ عَامٍ مَرَّةً أَوْ مَرَّتَيْنِ ثُمَّ لَا يَتُوبُونَ وَلَا هُمْ يَذَّكَّرُونَ
Олар өздерінің әр жылы бір не екі рет сыналатындарын көрмей ме? Содан кейін де олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпайды тәубеге келмейді әрі ескерту де алмайды
وَإِذَا مَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ نَظَرَ بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ هَلْ يَرَاكُمْ مِنْ أَحَدٍ ثُمَّ انْصَرَفُوا ۚ صَرَفَ اللَّهُ قُلُوبَهُمْ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَا يَفْقَهُونَ
Бір сүре түсірілген кезде, олар біріне-бірі қарап: «Сендерді біреу көріп тұрған жоқ па екен», деп бұрыла жөнеледі. Аллаһ, олардың жүректерін теріс бұрып қойды. Анығында, олар түсінбейтін адамдар

Choose other languages: