Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #116 Translated in Kazakh

التَّائِبُونَ الْعَابِدُونَ الْحَامِدُونَ السَّائِحُونَ الرَّاكِعُونَ السَّاجِدُونَ الْآمِرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَالنَّاهُونَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَالْحَافِظُونَ لِحُدُودِ اللَّهِ ۗ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ
Олар! істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушылар тәубе етушілер , Құлшылық жасаушылар, Аллаһқа мақтау айтушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ жасаушылар, сәжде етушілер, құпталғанға бұйырушылар, тыйылғаннан қайтарушылар және Аллаһтың белгілеген шегін сақтаушылар. Ей, Мұхаммед, әрі имандыларды мүміндерді сүйіншіле
مَا كَانَ لِلنَّبِيِّ وَالَّذِينَ آمَنُوا أَنْ يَسْتَغْفِرُوا لِلْمُشْرِكِينَ وَلَوْ كَانُوا أُولِي قُرْبَىٰ مِنْ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمْ أَنَّهُمْ أَصْحَابُ الْجَحِيمِ
Пайғамбардың және иманға келгендердің, мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар үшін тіпті олар жақындары болса да, олардың Жахимдық екендігі өздеріне анық болғаннан кейін кешірім тілеулеріне болмайды
وَمَا كَانَ اسْتِغْفَارُ إِبْرَاهِيمَ لِأَبِيهِ إِلَّا عَنْ مَوْعِدَةٍ وَعَدَهَا إِيَّاهُ فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُ أَنَّهُ عَدُوٌّ لِلَّهِ تَبَرَّأَ مِنْهُ ۚ إِنَّ إِبْرَاهِيمَ لَأَوَّاهٌ حَلِيمٌ
Ал, Ибраһимнің өз әкесі үшін кешірім тілеуі, оның оған әкесіне берген уәдесі бойынша ғана еді. Өзіне әкесінің Аллаһқа жау екендігі анық болғанда, ол одан бас тартты. Негізінде, Ибраһим көп жалбарынып дұға етуші, ұстамды еді
وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُضِلَّ قَوْمًا بَعْدَ إِذْ هَدَاهُمْ حَتَّىٰ يُبَيِّنَ لَهُمْ مَا يَتَّقُونَ ۚ إِنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Аллаһ бір елді тура жолға салып жүргізгеннен кейін оларға неден сақтанулары керек екендігін анық түсіндірмейінше, оларды адастырушы емес. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Білуші
إِنَّ اللَّهَ لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ يُحْيِي وَيُمِيتُ ۚ وَمَا لَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا نَصِيرٍ
Аспандардың және жердің билігі Аллаһта. Ол тірілтеді және өлтіреді. Сендер үшін Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ

Choose other languages: