Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #118 Translated in Kazakh

وَمَا كَانَ اسْتِغْفَارُ إِبْرَاهِيمَ لِأَبِيهِ إِلَّا عَنْ مَوْعِدَةٍ وَعَدَهَا إِيَّاهُ فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُ أَنَّهُ عَدُوٌّ لِلَّهِ تَبَرَّأَ مِنْهُ ۚ إِنَّ إِبْرَاهِيمَ لَأَوَّاهٌ حَلِيمٌ
Ал, Ибраһимнің өз әкесі үшін кешірім тілеуі, оның оған әкесіне берген уәдесі бойынша ғана еді. Өзіне әкесінің Аллаһқа жау екендігі анық болғанда, ол одан бас тартты. Негізінде, Ибраһим көп жалбарынып дұға етуші, ұстамды еді
وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُضِلَّ قَوْمًا بَعْدَ إِذْ هَدَاهُمْ حَتَّىٰ يُبَيِّنَ لَهُمْ مَا يَتَّقُونَ ۚ إِنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Аллаһ бір елді тура жолға салып жүргізгеннен кейін оларға неден сақтанулары керек екендігін анық түсіндірмейінше, оларды адастырушы емес. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Білуші
إِنَّ اللَّهَ لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ يُحْيِي وَيُمِيتُ ۚ وَمَا لَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا نَصِيرٍ
Аспандардың және жердің билігі Аллаһта. Ол тірілтеді және өлтіреді. Сендер үшін Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ
لَقَدْ تَابَ اللَّهُ عَلَى النَّبِيِّ وَالْمُهَاجِرِينَ وَالْأَنْصَارِ الَّذِينَ اتَّبَعُوهُ فِي سَاعَةِ الْعُسْرَةِ مِنْ بَعْدِ مَا كَادَ يَزِيغُ قُلُوبُ فَرِيقٍ مِنْهُمْ ثُمَّ تَابَ عَلَيْهِمْ ۚ إِنَّهُ بِهِمْ رَءُوفٌ رَحِيمٌ
Аллаһ Пайғамбарды және қиындық сағатында оған еріп шыққан мұһажирлер мен ансарларды, олардың кейбіреулерінің жүректері ауытқуға жақын қалғаннан кейін,Өзіне бойсұнуға қайтарды тәубеге келтірді . Ол олардың тәубесін қабыл етті, өйткені Ол оларға аса Мейірбан, ерекше Мейірімді
وَعَلَى الثَّلَاثَةِ الَّذِينَ خُلِّفُوا حَتَّىٰ إِذَا ضَاقَتْ عَلَيْهِمُ الْأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ وَضَاقَتْ عَلَيْهِمْ أَنْفُسُهُمْ وَظَنُّوا أَنْ لَا مَلْجَأَ مِنَ اللَّهِ إِلَّا إِلَيْهِ ثُمَّ تَابَ عَلَيْهِمْ لِيَتُوبُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
Әрі өздеріне қатысты үкім кейінге қалдырылған үшеудің де тәубелерін қабыл етті . Сол кезде оларға жер кең бола тұра тарылып, жандары сығылып, Аллаһтың Өзінен басқа пана жоқтығына көздері анық жеткен еді. Содан кейін Ол Аллаһ олардың істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтулары тәубеге келуі үшін күнәларынан арылуына алып келді тәубеге келтірді . Ақиқатында, Аллаһ тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді

Choose other languages: