Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Talaq Ayahs #11 Translated in Kazakh

لِيُنْفِقْ ذُو سَعَةٍ مِنْ سَعَتِهِ ۖ وَمَنْ قُدِرَ عَلَيْهِ رِزْقُهُ فَلْيُنْفِقْ مِمَّا آتَاهُ اللَّهُ ۚ لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا مَا آتَاهَا ۚ سَيَجْعَلُ اللَّهُ بَعْدَ عُسْرٍ يُسْرًا
Жағдайы жеткілікті адам өзінде бардан жұмсасын. Ал, ризық-несібесі шектеулі адам, өзіне Аллаһтың бергенінен жұмсасын. Аллаһ ешбір жанға, Өзі оған бергенінен артық жүктемейді. Аллаһ қиыншылықтан кейін жеңілдік жасайды
وَكَأَيِّنْ مِنْ قَرْيَةٍ عَتَتْ عَنْ أَمْرِ رَبِّهَا وَرُسُلِهِ فَحَاسَبْنَاهَا حِسَابًا شَدِيدًا وَعَذَّبْنَاهَا عَذَابًا نُكْرًا
Қаншама елді мекендер Раббысының әміріне және Оның елшілеріне қарсы шықты. Сонда Біз оларды қатаң есеппен есепке тарттық әрі оларды ауыр азапқа душар еттік
فَذَاقَتْ وَبَالَ أَمْرِهَا وَكَانَ عَاقِبَةُ أَمْرِهَا خُسْرًا
Олар істерінің жазасын татты және олардың істерінің соңы зиян шегу болды
أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا ۖ فَاتَّقُوا اللَّهَ يَا أُولِي الْأَلْبَابِ الَّذِينَ آمَنُوا ۚ قَدْ أَنْزَلَ اللَّهُ إِلَيْكُمْ ذِكْرًا
Аллаһ оларға қатты азап дайындады. Ей, ақыл иелері иманға келгендер, Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар, Аллаһ сендерге Еске салушыны Құранды түсірді
رَسُولًا يَتْلُو عَلَيْكُمْ آيَاتِ اللَّهِ مُبَيِّنَاتٍ لِيُخْرِجَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ ۚ وَمَنْ يُؤْمِنْ بِاللَّهِ وَيَعْمَلْ صَالِحًا يُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۖ قَدْ أَحْسَنَ اللَّهُ لَهُ رِزْقًا
сендерге Аллаһтың анық аяттарын оқитын Елшіні жіберді иманға келіп және ізгі амал жасағандарды қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін. Кім Аллаһқа сенсе және ізгі амал жасаса, Ол оны астынан өзендерағып жататын, олар онда мәңгі қалатын Жәннаттағы бақтарға кіргізеді. Шын мәнінде, Аллаһ оның үлесін көркем етті

Choose other languages: