Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Talaq Ayahs #10 Translated in Kazakh

أَسْكِنُوهُنَّ مِنْ حَيْثُ سَكَنْتُمْ مِنْ وُجْدِكُمْ وَلَا تُضَارُّوهُنَّ لِتُضَيِّقُوا عَلَيْهِنَّ ۚ وَإِنْ كُنَّ أُولَاتِ حَمْلٍ فَأَنْفِقُوا عَلَيْهِنَّ حَتَّىٰ يَضَعْنَ حَمْلَهُنَّ ۚ فَإِنْ أَرْضَعْنَ لَكُمْ فَآتُوهُنَّ أُجُورَهُنَّ ۖ وَأْتَمِرُوا بَيْنَكُمْ بِمَعْرُوفٍ ۖ وَإِنْ تَعَاسَرْتُمْ فَسَتُرْضِعُ لَهُ أُخْرَىٰ
Өздерің тұратын жерден оларға шамаларыңа қарай тұрақ беріңдер. Әрі оларға қысым көрсету үшін олар өздері кетсін деп зиян жасамаңдар. Ал, егер олар жүкті болса, құрсақтарындағыны босанғандарына дейін оларға қаражат жұмсаңдар. Егер олар сендер үшін босанғаннан кейін балаларыңды емізетін болса, оларға ақыларын беріңдер және өзара құпталғанға сай кеңесіңдер. Ал егер келісе алмасаңдар, онда ол үшін баланы басқа әйел емізеді
لِيُنْفِقْ ذُو سَعَةٍ مِنْ سَعَتِهِ ۖ وَمَنْ قُدِرَ عَلَيْهِ رِزْقُهُ فَلْيُنْفِقْ مِمَّا آتَاهُ اللَّهُ ۚ لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا مَا آتَاهَا ۚ سَيَجْعَلُ اللَّهُ بَعْدَ عُسْرٍ يُسْرًا
Жағдайы жеткілікті адам өзінде бардан жұмсасын. Ал, ризық-несібесі шектеулі адам, өзіне Аллаһтың бергенінен жұмсасын. Аллаһ ешбір жанға, Өзі оған бергенінен артық жүктемейді. Аллаһ қиыншылықтан кейін жеңілдік жасайды
وَكَأَيِّنْ مِنْ قَرْيَةٍ عَتَتْ عَنْ أَمْرِ رَبِّهَا وَرُسُلِهِ فَحَاسَبْنَاهَا حِسَابًا شَدِيدًا وَعَذَّبْنَاهَا عَذَابًا نُكْرًا
Қаншама елді мекендер Раббысының әміріне және Оның елшілеріне қарсы шықты. Сонда Біз оларды қатаң есеппен есепке тарттық әрі оларды ауыр азапқа душар еттік
فَذَاقَتْ وَبَالَ أَمْرِهَا وَكَانَ عَاقِبَةُ أَمْرِهَا خُسْرًا
Олар істерінің жазасын татты және олардың істерінің соңы зиян шегу болды
أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا ۖ فَاتَّقُوا اللَّهَ يَا أُولِي الْأَلْبَابِ الَّذِينَ آمَنُوا ۚ قَدْ أَنْزَلَ اللَّهُ إِلَيْكُمْ ذِكْرًا
Аллаһ оларға қатты азап дайындады. Ей, ақыл иелері иманға келгендер, Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар, Аллаһ сендерге Еске салушыны Құранды түсірді

Choose other languages: