Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rum Ayahs #45 Translated in Kazakh

ظَهَرَ الْفَسَادُ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ بِمَا كَسَبَتْ أَيْدِي النَّاسِ لِيُذِيقَهُمْ بَعْضَ الَّذِي عَمِلُوا لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Адамдардың өз қолдарымен жасағандарының күнә, қылмыстарының себебінен құрлықта және теңізде бүліншілік пайда болды. Бұл олардың істеген күнәларының кейбірінің жазасын татуы әрі олардың күнәлардан қайтулары үшін
قُلْ سِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَانْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلُ ۚ كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Жер жүзін аралап, бұрынғылардың соңы қалай болғанын көріңдер. Олардың көбі мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар еді», деп
فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ الْقَيِّمِ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَ يَوْمٌ لَا مَرَدَّ لَهُ مِنَ اللَّهِ ۖ يَوْمَئِذٍ يَصَّدَّعُونَ
Аллаһ тарапынан қайтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тура дінге қарат. Сол күні олар топтарға бөлінеді
مَنْ كَفَرَ فَعَلَيْهِ كُفْرُهُ ۖ وَمَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِأَنْفُسِهِمْ يَمْهَدُونَ
Кім күпірлік етсе иманға келмесе , онда күпірлігі қарсылығы өзіне зиян. Ал, кім ізгі амал істесе, өздері үшін игілік дайындайды
لِيَجْزِيَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ مِنْ فَضْلِهِ ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْكَافِرِينَ
Бұл Оның иманға келген және ізгі амал істегендерге Өз кеңшілігінен қайтарым сый беруі үшін. Ақиқатында, Ол кәпірлерді жақсы көрмейді

Choose other languages: