Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rum Ayahs #44 Translated in Kazakh

اللَّهُ الَّذِي خَلَقَكُمْ ثُمَّ رَزَقَكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ۖ هَلْ مِنْ شُرَكَائِكُمْ مَنْ يَفْعَلُ مِنْ ذَٰلِكُمْ مِنْ شَيْءٍ ۚ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Аллаһ, Ол сендерді жаратты, кейін ризық берді, содан кейін сендерді өлтіреді жандарыңды алады , кейін сендерді Есеп күні қайта тірілтеді. Сендердің Оған серік етіп қосқандарыңның ішінде осы істердің бірін жасай алатын біреу бар ма? Ол барлық кемшіліктен пәк әрі олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
ظَهَرَ الْفَسَادُ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ بِمَا كَسَبَتْ أَيْدِي النَّاسِ لِيُذِيقَهُمْ بَعْضَ الَّذِي عَمِلُوا لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Адамдардың өз қолдарымен жасағандарының күнә, қылмыстарының себебінен құрлықта және теңізде бүліншілік пайда болды. Бұл олардың істеген күнәларының кейбірінің жазасын татуы әрі олардың күнәлардан қайтулары үшін
قُلْ سِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَانْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلُ ۚ كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Жер жүзін аралап, бұрынғылардың соңы қалай болғанын көріңдер. Олардың көбі мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар еді», деп
فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ الْقَيِّمِ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَ يَوْمٌ لَا مَرَدَّ لَهُ مِنَ اللَّهِ ۖ يَوْمَئِذٍ يَصَّدَّعُونَ
Аллаһ тарапынан қайтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тура дінге қарат. Сол күні олар топтарға бөлінеді
مَنْ كَفَرَ فَعَلَيْهِ كُفْرُهُ ۖ وَمَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِأَنْفُسِهِمْ يَمْهَدُونَ
Кім күпірлік етсе иманға келмесе , онда күпірлігі қарсылығы өзіне зиян. Ал, кім ізгі амал істесе, өздері үшін игілік дайындайды

Choose other languages: