Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rum Ayahs #43 Translated in Kazakh

وَمَا آتَيْتُمْ مِنْ رِبًا لِيَرْبُوَ فِي أَمْوَالِ النَّاسِ فَلَا يَرْبُو عِنْدَ اللَّهِ ۖ وَمَا آتَيْتُمْ مِنْ زَكَاةٍ تُرِيدُونَ وَجْهَ اللَّهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُضْعِفُونَ
Сендер адамдардың мал-дүниелері ішінде көбейсін деп, өсім үшін бергендерің, Аллаһтың алдында көбеймейді. Ал, Аллаһтың дидарын қалап берген зекеттерің еселенеді міне, солар сауабы еселеніп артатындар
اللَّهُ الَّذِي خَلَقَكُمْ ثُمَّ رَزَقَكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ۖ هَلْ مِنْ شُرَكَائِكُمْ مَنْ يَفْعَلُ مِنْ ذَٰلِكُمْ مِنْ شَيْءٍ ۚ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Аллаһ, Ол сендерді жаратты, кейін ризық берді, содан кейін сендерді өлтіреді жандарыңды алады , кейін сендерді Есеп күні қайта тірілтеді. Сендердің Оған серік етіп қосқандарыңның ішінде осы істердің бірін жасай алатын біреу бар ма? Ол барлық кемшіліктен пәк әрі олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
ظَهَرَ الْفَسَادُ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ بِمَا كَسَبَتْ أَيْدِي النَّاسِ لِيُذِيقَهُمْ بَعْضَ الَّذِي عَمِلُوا لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Адамдардың өз қолдарымен жасағандарының күнә, қылмыстарының себебінен құрлықта және теңізде бүліншілік пайда болды. Бұл олардың істеген күнәларының кейбірінің жазасын татуы әрі олардың күнәлардан қайтулары үшін
قُلْ سِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَانْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلُ ۚ كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Жер жүзін аралап, бұрынғылардың соңы қалай болғанын көріңдер. Олардың көбі мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар еді», деп
فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ الْقَيِّمِ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَ يَوْمٌ لَا مَرَدَّ لَهُ مِنَ اللَّهِ ۖ يَوْمَئِذٍ يَصَّدَّعُونَ
Аллаһ тарапынан қайтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тура дінге қарат. Сол күні олар топтарға бөлінеді

Choose other languages: