Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rum Ayahs #48 Translated in Kazakh

مَنْ كَفَرَ فَعَلَيْهِ كُفْرُهُ ۖ وَمَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِأَنْفُسِهِمْ يَمْهَدُونَ
Кім күпірлік етсе иманға келмесе , онда күпірлігі қарсылығы өзіне зиян. Ал, кім ізгі амал істесе, өздері үшін игілік дайындайды
لِيَجْزِيَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ مِنْ فَضْلِهِ ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْكَافِرِينَ
Бұл Оның иманға келген және ізгі амал істегендерге Өз кеңшілігінен қайтарым сый беруі үшін. Ақиқатында, Ол кәпірлерді жақсы көрмейді
وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ يُرْسِلَ الرِّيَاحَ مُبَشِّرَاتٍ وَلِيُذِيقَكُمْ مِنْ رَحْمَتِهِ وَلِتَجْرِيَ الْفُلْكُ بِأَمْرِهِ وَلِتَبْتَغُوا مِنْ فَضْلِهِ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Оның белгілерінің бірі сендерге Өзінің мейірімінен таттыруы үшін желдерді игі хабаршы етіп жіберуі және Оның кеңшілігін ризық-несібелеріңді Ш іздеп, игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін кемелердің Оның әмірі бойынша жүзуі
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ رُسُلًا إِلَىٰ قَوْمِهِمْ فَجَاءُوهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَانْتَقَمْنَا مِنَ الَّذِينَ أَجْرَمُوا ۖ وَكَانَ حَقًّا عَلَيْنَا نَصْرُ الْمُؤْمِنِينَ
Ей, Мұхаммед! Біз сенен бұрын да елшілерді елдеріне жібердік. Сонда олар елдеріне анық дәлелдермен келді. Кейін, Біз қылмыс істегендерді жазаладық. Өйткені имандыларға көмек беру Бізге міндет
اللَّهُ الَّذِي يُرْسِلُ الرِّيَاحَ فَتُثِيرُ سَحَابًا فَيَبْسُطُهُ فِي السَّمَاءِ كَيْفَ يَشَاءُ وَيَجْعَلُهُ كِسَفًا فَتَرَى الْوَدْقَ يَخْرُجُ مِنْ خِلَالِهِ ۖ فَإِذَا أَصَابَ بِهِ مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ إِذَا هُمْ يَسْتَبْشِرُونَ
Аллаһ, Ол сондай, желдерді жіберіп, ол желдер бұлттарды теңіздерден Шқозғап көтеріп , содан оны бұлттарды аспанда Өзі қалағандай жаяды және бөлек-бөлек етеді. Сонда сен олардың арасынан жаңбыр тамшыларының шыққанын көресің. Қашан Ол оны Өз құлдарынан қалағандарына жіберсе жаудырса , сонда олар қуанады

Choose other languages: