Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rad Ayahs #40 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَفْرَحُونَ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ ۖ وَمِنَ الْأَحْزَابِ مَنْ يُنْكِرُ بَعْضَهُ ۚ قُلْ إِنَّمَا أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ اللَّهَ وَلَا أُشْرِكَ بِهِ ۚ إِلَيْهِ أَدْعُو وَإِلَيْهِ مَآبِ
Ей, Мұхаммед! Біз Кітап бергендерден саған түсірілгенге Құранға қуанатындар әрі Аллаһтың Елшісіне қарсы одақтас топтардың ішінде оның Құранның бір бөлігін теріске шығаратындар бар. Айт: «Шын мәнінде, мен Аллаһқа құлшылық етуге және Онымен қатар өзгелерге табынбауға серік қоспауға бұйырылдым. Әрі мен Оған шақырамын және Оған қайтамын», деп
وَكَذَٰلِكَ أَنْزَلْنَاهُ حُكْمًا عَرَبِيًّا ۚ وَلَئِنِ اتَّبَعْتَ أَهْوَاءَهُمْ بَعْدَمَا جَاءَكَ مِنَ الْعِلْمِ مَا لَكَ مِنَ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا وَاقٍ
Осылай Біз оны Құранды үкім етіп, арабша түсірдік. Егер өзіңе білім келгеннен кейін олардың көңілқұмарлығына ерсең, сені Аллаһтан Оның жазасынан арашалайтын бір жәрдемші де, қорғаушы да болмайды
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلًا مِنْ قَبْلِكَ وَجَعَلْنَا لَهُمْ أَزْوَاجًا وَذُرِّيَّةً ۚ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَنْ يَأْتِيَ بِآيَةٍ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۗ لِكُلِّ أَجَلٍ كِتَابٌ
Ей, Мұхаммед! Сенен бұрын да елшілер жібердік әрі оларға жұбайлар мен ұрпақтар бердік. Бірде-бір Елшінің Аллаһтың рұқсатымен болмаса, қандай да бір белгі-мұғжиза келтіруі мүмкін емес. Әрбір мерзімнің уақыты жазулы
يَمْحُو اللَّهُ مَا يَشَاءُ وَيُثْبِتُ ۖ وَعِنْدَهُ أُمُّ الْكِتَابِ
Аллаһ қалаған нәрсесін өшіреді әрі қалағанын бекітеді. Кітаптың анасы түпнұсқасы Оның құзырында
وَإِنْ مَا نُرِيَنَّكَ بَعْضَ الَّذِي نَعِدُهُمْ أَوْ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِنَّمَا عَلَيْكَ الْبَلَاغُ وَعَلَيْنَا الْحِسَابُ
Ей, Мұхаммед! Саған оларға уәде етіп отырғанымыздың кейбірін көрсетсек те, немесе сенің жаныңды алсақ та, негізіңде саған жеткізу ғана міндет. Ал есеп алу Біздің міндетімізде

Choose other languages: