Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rad Ayahs #41 Translated in Kazakh

وَكَذَٰلِكَ أَنْزَلْنَاهُ حُكْمًا عَرَبِيًّا ۚ وَلَئِنِ اتَّبَعْتَ أَهْوَاءَهُمْ بَعْدَمَا جَاءَكَ مِنَ الْعِلْمِ مَا لَكَ مِنَ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا وَاقٍ
Осылай Біз оны Құранды үкім етіп, арабша түсірдік. Егер өзіңе білім келгеннен кейін олардың көңілқұмарлығына ерсең, сені Аллаһтан Оның жазасынан арашалайтын бір жәрдемші де, қорғаушы да болмайды
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلًا مِنْ قَبْلِكَ وَجَعَلْنَا لَهُمْ أَزْوَاجًا وَذُرِّيَّةً ۚ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَنْ يَأْتِيَ بِآيَةٍ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۗ لِكُلِّ أَجَلٍ كِتَابٌ
Ей, Мұхаммед! Сенен бұрын да елшілер жібердік әрі оларға жұбайлар мен ұрпақтар бердік. Бірде-бір Елшінің Аллаһтың рұқсатымен болмаса, қандай да бір белгі-мұғжиза келтіруі мүмкін емес. Әрбір мерзімнің уақыты жазулы
يَمْحُو اللَّهُ مَا يَشَاءُ وَيُثْبِتُ ۖ وَعِنْدَهُ أُمُّ الْكِتَابِ
Аллаһ қалаған нәрсесін өшіреді әрі қалағанын бекітеді. Кітаптың анасы түпнұсқасы Оның құзырында
وَإِنْ مَا نُرِيَنَّكَ بَعْضَ الَّذِي نَعِدُهُمْ أَوْ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِنَّمَا عَلَيْكَ الْبَلَاغُ وَعَلَيْنَا الْحِسَابُ
Ей, Мұхаммед! Саған оларға уәде етіп отырғанымыздың кейбірін көрсетсек те, немесе сенің жаныңды алсақ та, негізіңде саған жеткізу ғана міндет. Ал есеп алу Біздің міндетімізде
أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّا نَأْتِي الْأَرْضَ نَنْقُصُهَا مِنْ أَطْرَافِهَا ۚ وَاللَّهُ يَحْكُمُ لَا مُعَقِّبَ لِحُكْمِهِ ۚ وَهُوَ سَرِيعُ الْحِسَابِ
Біздің жерді әр тарапынан кемітіп жатқанымызды олар көрмей ме?! Аллаһ үкім етеді, Оның үкімін қайтарушы жоқ. Ол есеп алуда жылдам

Choose other languages: