Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #158 Translated in Kazakh

وَرَفَعْنَا فَوْقَهُمُ الطُّورَ بِمِيثَاقِهِمْ وَقُلْنَا لَهُمُ ادْخُلُوا الْبَابَ سُجَّدًا وَقُلْنَا لَهُمْ لَا تَعْدُوا فِي السَّبْتِ وَأَخَذْنَا مِنْهُمْ مِيثَاقًا غَلِيظًا
Біз олардан серт алу үшін төбелеріне тауды көтердік және оларға: «Қақпадан сәжде еткен күйде кіріңдер», дедік. Әрі оларға: «Сенбі күніне қатысты шектен шықпаңдар!» дедік. Әрі олардан қатаң серт алдық
فَبِمَا نَقْضِهِمْ مِيثَاقَهُمْ وَكُفْرِهِمْ بِآيَاتِ اللَّهِ وَقَتْلِهِمُ الْأَنْبِيَاءَ بِغَيْرِ حَقٍّ وَقَوْلِهِمْ قُلُوبُنَا غُلْفٌ ۚ بَلْ طَبَعَ اللَّهُ عَلَيْهَا بِكُفْرِهِمْ فَلَا يُؤْمِنُونَ إِلَّا قَلِيلًا
Сөйтіп, олардың серттерін бұзулары, Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері қарсы келулері, мойындамаулары ,құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері және: «Жүректеріміз перделенген» деп айтулары себепті, әрине оны жүректерін күпірліктері шүкірсіздіктері салдарынан Аллаһ мөрлеген. Сондықтан олардың азынан басқасы иманға келмейді
وَبِكُفْرِهِمْ وَقَوْلِهِمْ عَلَىٰ مَرْيَمَ بُهْتَانًا عَظِيمًا
Әрі күпірліктері имансыздықтары және Мәриям жайында үлкен жала айтқандары себепті
وَقَوْلِهِمْ إِنَّا قَتَلْنَا الْمَسِيحَ عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ رَسُولَ اللَّهِ وَمَا قَتَلُوهُ وَمَا صَلَبُوهُ وَلَٰكِنْ شُبِّهَ لَهُمْ ۚ وَإِنَّ الَّذِينَ اخْتَلَفُوا فِيهِ لَفِي شَكٍّ مِنْهُ ۚ مَا لَهُمْ بِهِ مِنْ عِلْمٍ إِلَّا اتِّبَاعَ الظَّنِّ ۚ وَمَا قَتَلُوهُ يَقِينًا
және: «Біз Аллаһтың Елшісі, Мәриям ұлы Иса Мәсихты өлтірдік», деп айтқандары себепті. Негізінде, олар оны өлтірген де жоқ, айқыш ағашқа керген де жоқ. Бірақ, оларға басқа біреу ұқсас көрінді. Әрі анығында, ол жайында қайшылыққа түскендер, одан бір күмәнда. Оларда ол жайында жорамалға ілесуден басқа ешқандай білім жоқ. Әрі олар оны анық біліп өлтірмеді
بَلْ رَفَعَهُ اللَّهُ إِلَيْهِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا
Жоқ, керісінше, Аллаһ оны Өз жағына көтерді. Аллаһ бәрінен Үстем , аса Дана

Choose other languages: