Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #18 Translated in Kazakh

وَمَنْ يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَتَعَدَّ حُدُودَهُ يُدْخِلْهُ نَارًا خَالِدًا فِيهَا وَلَهُ عَذَابٌ مُهِينٌ
Ал, кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келсе және Оның шектеулерінен шықса, Ол оны ішінде мәңгі қалатын Отқа тозаққа кіргізеді әрі оған қорлаушы азап бар
وَاللَّاتِي يَأْتِينَ الْفَاحِشَةَ مِنْ نِسَائِكُمْ فَاسْتَشْهِدُوا عَلَيْهِنَّ أَرْبَعَةً مِنْكُمْ ۖ فَإِنْ شَهِدُوا فَأَمْسِكُوهُنَّ فِي الْبُيُوتِ حَتَّىٰ يَتَوَفَّاهُنَّ الْمَوْتُ أَوْ يَجْعَلَ اللَّهُ لَهُنَّ سَبِيلًا
Әйелдеріңнен жиіркенішті іс зина жасағандарға, өздеріңнен оларға қарсы төрт куәгер келтіріңдер. Егер олар куәлік берсе, бұларға өлім келгенге дейін немесе Аллаһ олар үшін бір жол көрсеткенге дейін үйлерде ұстаңдар
وَاللَّذَانِ يَأْتِيَانِهَا مِنْكُمْ فَآذُوهُمَا ۖ فَإِنْ تَابَا وَأَصْلَحَا فَأَعْرِضُوا عَنْهُمَا ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ تَوَّابًا رَحِيمًا
Сендерден осыны істегендердің екеуін де қинаңдар. Егер екеуі де істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып тәубеге келіп , түзелсе, оларды қалдырыңдар. Ақиқатында, Аллаһ тәубені Қабыл етуші, ерекше Мейірімді
إِنَّمَا التَّوْبَةُ عَلَى اللَّهِ لِلَّذِينَ يَعْمَلُونَ السُّوءَ بِجَهَالَةٍ ثُمَّ يَتُوبُونَ مِنْ قَرِيبٍ فَأُولَٰئِكَ يَتُوبُ اللَّهُ عَلَيْهِمْ ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا
Шын мәнінде, білместікпен жаман іс жасап қойып, содан кейін жақын арада істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтатындардың тәубеге келетіндердің тәубесін қабылдау Аллаһқа тән. Міне, солардың тәубесін Аллаһ қабыл етеді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
وَلَيْسَتِ التَّوْبَةُ لِلَّذِينَ يَعْمَلُونَ السَّيِّئَاتِ حَتَّىٰ إِذَا حَضَرَ أَحَدَهُمُ الْمَوْتُ قَالَ إِنِّي تُبْتُ الْآنَ وَلَا الَّذِينَ يَمُوتُونَ وَهُمْ كُفَّارٌ ۚ أُولَٰئِكَ أَعْتَدْنَا لَهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
Жаман істер жасап жүріп, ал өздеріне өлім келген кезде: «Енді мен істеген күнәма өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайттым тәубе қылдым », деп айтатындардың және кәпір күйлерінде өлгендердің тәубелері қабыл етілмейді. Міне, соларға Біз күйзелтуші азап әзірледік

Choose other languages: