Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #124 Translated in Kazakh

يَعِدُهُمْ وَيُمَنِّيهِمْ ۖ وَمَا يَعِدُهُمُ الشَّيْطَانُ إِلَّا غُرُورًا
Ол шайтан оларға уәде береді және оларды құр үміттендіреді. Негізінде, шайтан оларға тек бос нәрселерді уәде етеді
أُولَٰئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ وَلَا يَجِدُونَ عَنْهَا مَحِيصًا
Міне, солардың баратын орны Жаһаннам. Олар одан қашар жер таба алмайды
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ سَنُدْخِلُهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۖ وَعْدَ اللَّهِ حَقًّا ۚ وَمَنْ أَصْدَقُ مِنَ اللَّهِ قِيلًا
Иманға келген және ізгі амал жасағандарды, жақында астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргіземіз. Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, олар онда мәңгі қалады. Сөзде Аллаһтан тура кім бар
لَيْسَ بِأَمَانِيِّكُمْ وَلَا أَمَانِيِّ أَهْلِ الْكِتَابِ ۗ مَنْ يَعْمَلْ سُوءًا يُجْزَ بِهِ وَلَا يَجِدْ لَهُ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Бұл игілікке сендердің мұсылмандардың қиял-армандарыңмен де, Кітап берілген қауымның қиял-армандарымен де жету мүмкін емес. Кім бір жамандық істесе, сол үшін жазаланады. Әрі өзіне Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де таппайды
وَمَنْ يَعْمَلْ مِنَ الصَّالِحَاتِ مِنْ ذَكَرٍ أَوْ أُنْثَىٰ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَأُولَٰئِكَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ وَلَا يُظْلَمُونَ نَقِيرًا
Ер кісі немесе әйел кісіден кім иманды мүмін болған түрде ізгі амалдар жасаса, міне, солар жәннатқа кіреді және оларға кұрма дәнінің ойығындай да ешқандай әділетсіздік жасалмайды

Choose other languages: