Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #123 Translated in Kazakh

وَلَأُضِلَّنَّهُمْ وَلَأُمَنِّيَنَّهُمْ وَلَآمُرَنَّهُمْ فَلَيُبَتِّكُنَّ آذَانَ الْأَنْعَامِ وَلَآمُرَنَّهُمْ فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلْقَ اللَّهِ ۚ وَمَنْ يَتَّخِذِ الشَّيْطَانَ وَلِيًّا مِنْ دُونِ اللَّهِ فَقَدْ خَسِرَ خُسْرَانًا مُبِينًا
Әрі оларды әлбетте адастырамын және оларда жалған арман, бос қиялдарға үміттерін оятамын дәмелендіремін . Әрі мен міндетті түрде бұйырамын, сонда олар малдардың құлақтарын тіледі. Әрі әлбетте бұйрық беремін, сөйтіп олар Аллаһтың жаратқанын өзгертеді», деді. Кім Аллаһты қойып, шайтанды дос, жақтас етіп алса, әлбетте анық зиян шегумен шығынға батты
يَعِدُهُمْ وَيُمَنِّيهِمْ ۖ وَمَا يَعِدُهُمُ الشَّيْطَانُ إِلَّا غُرُورًا
Ол шайтан оларға уәде береді және оларды құр үміттендіреді. Негізінде, шайтан оларға тек бос нәрселерді уәде етеді
أُولَٰئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ وَلَا يَجِدُونَ عَنْهَا مَحِيصًا
Міне, солардың баратын орны Жаһаннам. Олар одан қашар жер таба алмайды
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ سَنُدْخِلُهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۖ وَعْدَ اللَّهِ حَقًّا ۚ وَمَنْ أَصْدَقُ مِنَ اللَّهِ قِيلًا
Иманға келген және ізгі амал жасағандарды, жақында астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргіземіз. Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, олар онда мәңгі қалады. Сөзде Аллаһтан тура кім бар
لَيْسَ بِأَمَانِيِّكُمْ وَلَا أَمَانِيِّ أَهْلِ الْكِتَابِ ۗ مَنْ يَعْمَلْ سُوءًا يُجْزَ بِهِ وَلَا يَجِدْ لَهُ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Бұл игілікке сендердің мұсылмандардың қиял-армандарыңмен де, Кітап берілген қауымның қиял-армандарымен де жету мүмкін емес. Кім бір жамандық істесе, сол үшін жазаланады. Әрі өзіне Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де таппайды

Choose other languages: