Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #127 Translated in Kazakh

لَيْسَ بِأَمَانِيِّكُمْ وَلَا أَمَانِيِّ أَهْلِ الْكِتَابِ ۗ مَنْ يَعْمَلْ سُوءًا يُجْزَ بِهِ وَلَا يَجِدْ لَهُ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Бұл игілікке сендердің мұсылмандардың қиял-армандарыңмен де, Кітап берілген қауымның қиял-армандарымен де жету мүмкін емес. Кім бір жамандық істесе, сол үшін жазаланады. Әрі өзіне Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де таппайды
وَمَنْ يَعْمَلْ مِنَ الصَّالِحَاتِ مِنْ ذَكَرٍ أَوْ أُنْثَىٰ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَأُولَٰئِكَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ وَلَا يُظْلَمُونَ نَقِيرًا
Ер кісі немесе әйел кісіден кім иманды мүмін болған түрде ізгі амалдар жасаса, міне, солар жәннатқа кіреді және оларға кұрма дәнінің ойығындай да ешқандай әділетсіздік жасалмайды
وَمَنْ أَحْسَنُ دِينًا مِمَّنْ أَسْلَمَ وَجْهَهُ لِلَّهِ وَهُوَ مُحْسِنٌ وَاتَّبَعَ مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا ۗ وَاتَّخَذَ اللَّهُ إِبْرَاهِيمَ خَلِيلًا
Дінде жүзін Аллаһқа бойсұндыра беріліп және жақсылықты ықыласпен істеуші болып, ханиф Ибраһимнің дініне ергеннен кім жақсырақ бола алады? Аллаһ Ибраһимді жақын дос етіп алды
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ مُحِيطًا
Аспандар мен жердегілердің бәрі Аллаһтікі. Аллаһ барлық нәрсені Қамтушы
وَيَسْتَفْتُونَكَ فِي النِّسَاءِ ۖ قُلِ اللَّهُ يُفْتِيكُمْ فِيهِنَّ وَمَا يُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ فِي الْكِتَابِ فِي يَتَامَى النِّسَاءِ اللَّاتِي لَا تُؤْتُونَهُنَّ مَا كُتِبَ لَهُنَّ وَتَرْغَبُونَ أَنْ تَنْكِحُوهُنَّ وَالْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الْوِلْدَانِ وَأَنْ تَقُومُوا لِلْيَتَامَىٰ بِالْقِسْطِ ۚ وَمَا تَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِهِ عَلِيمًا
Ей, Мұхаммед!! Олар сенен әйелдер жайында бекітілгенді сұрайды. Айт: «Олар жайында Аллаһ сендерге шешім береді әрі өздеріңе Кітапта оқылатын жетім әйелдерге тиісті болған нәрсені бермей, оларға үйленуді қалайтындар жайлы және әлсіз жас балалар жайлы әрі жетімдерге әділдікпен қарауларың жөнінде де», деп. Қандай да бір қайыр жасасаңдар, ақиқатында Аллаһ ол жайлы біледі

Choose other languages: