Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #27 Translated in Kazakh

لَا جَرَمَ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَ ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْتَكْبِرِينَ
Ақиқатында, Аллаһ олардың жасыратындары мен жария істейтіндерін біледі. Ол өздерін жоғары қоятындарды жақсы көрмейді
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ مَاذَا أَنْزَلَ رَبُّكُمْ ۙ قَالُوا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
Ал Оларға: «Сендердің Раббың не түсірді?» делінсе, олар: «Бұрынғылардың аңыз-ертегілері»,- дейді
لِيَحْمِلُوا أَوْزَارَهُمْ كَامِلَةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۙ وَمِنْ أَوْزَارِ الَّذِينَ يُضِلُّونَهُمْ بِغَيْرِ عِلْمٍ ۗ أَلَا سَاءَ مَا يَزِرُونَ
Сондықтан Қайта тірілу күні олар өз күнәләрін толығымен әрі өздері білімсіз адастырғандардың күнәларынан арқалайды. Біліңдер! Олардың арқалайтындары қандай жаман
قَدْ مَكَرَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَأَتَى اللَّهُ بُنْيَانَهُمْ مِنَ الْقَوَاعِدِ فَخَرَّ عَلَيْهِمُ السَّقْفُ مِنْ فَوْقِهِمْ وَأَتَاهُمُ الْعَذَابُ مِنْ حَيْثُ لَا يَشْعُرُونَ
Олардан бұрынғылар да айла-шарғы жасаған еді. Сонда Аллаһ олардың ғимараттарын іргетасынан опырып, төбесі олардың үстіне құлады. Әрі оларға азап өздері күтпеген жақтан келді
ثُمَّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يُخْزِيهِمْ وَيَقُولُ أَيْنَ شُرَكَائِيَ الَّذِينَ كُنْتُمْ تُشَاقُّونَ فِيهِمْ ۚ قَالَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ إِنَّ الْخِزْيَ الْيَوْمَ وَالسُّوءَ عَلَى الْكَافِرِينَ
Содан кейін, Қайта тірілу күні Ол Аллаһ оларды қор етеді және: «Маған қосқан серіктерің қайда?! Сендер соларға бола қарсыласқан едіндер», дейді. Өздеріне білім берілгендер: «Ақиқатында, бүгін қорлық пен азап кәпірлердің үстіне түседі » деп айтады

Choose other languages: