Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #29 Translated in Kazakh

لِيَحْمِلُوا أَوْزَارَهُمْ كَامِلَةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۙ وَمِنْ أَوْزَارِ الَّذِينَ يُضِلُّونَهُمْ بِغَيْرِ عِلْمٍ ۗ أَلَا سَاءَ مَا يَزِرُونَ
Сондықтан Қайта тірілу күні олар өз күнәләрін толығымен әрі өздері білімсіз адастырғандардың күнәларынан арқалайды. Біліңдер! Олардың арқалайтындары қандай жаман
قَدْ مَكَرَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَأَتَى اللَّهُ بُنْيَانَهُمْ مِنَ الْقَوَاعِدِ فَخَرَّ عَلَيْهِمُ السَّقْفُ مِنْ فَوْقِهِمْ وَأَتَاهُمُ الْعَذَابُ مِنْ حَيْثُ لَا يَشْعُرُونَ
Олардан бұрынғылар да айла-шарғы жасаған еді. Сонда Аллаһ олардың ғимараттарын іргетасынан опырып, төбесі олардың үстіне құлады. Әрі оларға азап өздері күтпеген жақтан келді
ثُمَّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يُخْزِيهِمْ وَيَقُولُ أَيْنَ شُرَكَائِيَ الَّذِينَ كُنْتُمْ تُشَاقُّونَ فِيهِمْ ۚ قَالَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ إِنَّ الْخِزْيَ الْيَوْمَ وَالسُّوءَ عَلَى الْكَافِرِينَ
Содан кейін, Қайта тірілу күні Ол Аллаһ оларды қор етеді және: «Маған қосқан серіктерің қайда?! Сендер соларға бола қарсыласқан едіндер», дейді. Өздеріне білім берілгендер: «Ақиқатында, бүгін қорлық пен азап кәпірлердің үстіне түседі » деп айтады
الَّذِينَ تَتَوَفَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ ۖ فَأَلْقَوُا السَّلَمَ مَا كُنَّا نَعْمَلُ مِنْ سُوءٍ ۚ بَلَىٰ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Солар, өздеріне әділетсіздік еткен күйде жандарын періштелер алатындар. Олар сонда!: «Біз ешқандай жамандық істеген жоқпыз»,- деп, бойсұна қалады. Оларға :«Олай емес! Ақиқатында, Аллаһ сендердің не істегендеріңді жақсы Білуші
فَادْخُلُوا أَبْوَابَ جَهَنَّمَ خَالِدِينَ فِيهَا ۖ فَلَبِئْسَ مَثْوَى الْمُتَكَبِّرِينَ
Енді Жаһаннамның қақпаларынан кіріңдер, ол жерде мәңгі қаласыңдар!»- делінеді. Өздерін жоғары санағандардың тәкаппарлардың орны қандай жаман

Choose other languages: