Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #44 Translated in Kazakh

أَفَأَصْفَاكُمْ رَبُّكُمْ بِالْبَنِينَ وَاتَّخَذَ مِنَ الْمَلَائِكَةِ إِنَاثًا ۚ إِنَّكُمْ لَتَقُولُونَ قَوْلًا عَظِيمًا
Сендердің Раббың ұл балаларды тек сендерге беріп, ал Өзіне періштелерден қыздар алды ма? Негізінде, сендер өте үлкен ауыр сөз айтудасыңдар
وَلَقَدْ صَرَّفْنَا فِي هَٰذَا الْقُرْآنِ لِيَذَّكَّرُوا وَمَا يَزِيدُهُمْ إِلَّا نُفُورًا
Ақиқатында, Біз осы Құранда үкімдер мен насихаттарды олар еске алулары үшін түсіндірдік. Бірақ бұл олардың безінуін ғана арттырды
قُلْ لَوْ كَانَ مَعَهُ آلِهَةٌ كَمَا يَقُولُونَ إِذًا لَابْتَغَوْا إِلَىٰ ذِي الْعَرْشِ سَبِيلًا
Айт: «Егер де олар айтып жүргендей, Онымен Аллаһпен бірге басқа құдайлар болғанда, ол құдайлар Аршының иесіне қарай бір жолды табуды қалар еді
سُبْحَانَهُ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يَقُولُونَ عُلُوًّا كَبِيرًا
Ол Аллаһ олардың айтып жатқандарынан пәк әрі өте жоғары
تُسَبِّحُ لَهُ السَّمَاوَاتُ السَّبْعُ وَالْأَرْضُ وَمَنْ فِيهِنَّ ۚ وَإِنْ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِ وَلَٰكِنْ لَا تَفْقَهُونَ تَسْبِيحَهُمْ ۗ إِنَّهُ كَانَ حَلِيمًا غَفُورًا
Жеті аспан мен жер және онда болғандар Оны барлық кемшіліктерден пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, барлық кемшіліктерден пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді

Choose other languages: