Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hadid Ayahs #19 Translated in Kazakh

فَالْيَوْمَ لَا يُؤْخَذُ مِنْكُمْ فِدْيَةٌ وَلَا مِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ مَأْوَاكُمُ النَّارُ ۖ هِيَ مَوْلَاكُمْ ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Енді бүгін сендерден де және сондай күпірлік еткендерден де Аллаһқа ашық түрде қарсы шыққандардан да ешқандай өтем алынбайды. Сендердің баратын орындарың От. Ол -сендер үшін ең лайықтысы. Ол баратын орын өте жаман
أَلَمْ يَأْنِ لِلَّذِينَ آمَنُوا أَنْ تَخْشَعَ قُلُوبُهُمْ لِذِكْرِ اللَّهِ وَمَا نَزَلَ مِنَ الْحَقِّ وَلَا يَكُونُوا كَالَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلُ فَطَالَ عَلَيْهِمُ الْأَمَدُ فَقَسَتْ قُلُوبُهُمْ ۖ وَكَثِيرٌ مِنْهُمْ فَاسِقُونَ
Иманға келгендерге, олардың жүректері Аллаһты және ақиқаттан түсірілгенді Құранды еске алғанда бойсұна берілуінің уақыты келмеді ме әрі олардың өздерінен бұрын Кітап берілгендей болмауларына? Олардың жүректері ұзақ уақыт өтуімен қатайған әрі олардың көбі бұзықтар бойсұнбаушылар
اعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يُحْيِي الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ قَدْ بَيَّنَّا لَكُمُ الْآيَاتِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ
Біліндер, Аллаһ жерді тіршіліксіз қалғаннан кейін қайта тірілтеді. Біз сендерге ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін аят-белгілерді анықтап түсіндірдік
إِنَّ الْمُصَّدِّقِينَ وَالْمُصَّدِّقَاتِ وَأَقْرَضُوا اللَّهَ قَرْضًا حَسَنًا يُضَاعَفُ لَهُمْ وَلَهُمْ أَجْرٌ كَرِيمٌ
Шын мәнінде, садақа беруші ерлер мен садақа беруші әйелдерге және Аллаһқа көркем қарыз бергендерге еселеп көбейтіледі әрі оларға құрметті сый Жәннат болады
وَالَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ أُولَٰئِكَ هُمُ الصِّدِّيقُونَ ۖ وَالشُّهَدَاءُ عِنْدَ رَبِّهِمْ لَهُمْ أَجْرُهُمْ وَنُورُهُمْ ۖ وَالَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِآيَاتِنَا أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَحِيمِ
Аллаһқа және Оның елшілеріне сенгендер, солар шыншылдар. Ал, шәһидтер олардың сыйлары және нұрларыөздерінің Раббысында. Ал, сондай күпірлік еткендер Аллаһқа қарсы келгендер және Біздің аяттарымызды өтірік санағандар болса, олар Жахимда (Тозақ) болатындар

Choose other languages: