Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Fath Ayahs #15 Translated in Kazakh

سَيَقُولُ لَكَ الْمُخَلَّفُونَ مِنَ الْأَعْرَابِ شَغَلَتْنَا أَمْوَالُنَا وَأَهْلُونَا فَاسْتَغْفِرْ لَنَا ۚ يَقُولُونَ بِأَلْسِنَتِهِمْ مَا لَيْسَ فِي قُلُوبِهِمْ ۚ قُلْ فَمَنْ يَمْلِكُ لَكُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا إِنْ أَرَادَ بِكُمْ ضَرًّا أَوْ أَرَادَ بِكُمْ نَفْعًا ۚ بَلْ كَانَ اللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا
Бәдәуилердің ішіндегі қалып қойғандар саған: «Бізді мал-мүліктеріміз бен үй ішіміз ұстап қалды. Біз үшін кешірім тіле»,- дейді. Олар жүректерінде жоқ нәрсені тілдерімен айтады. Айт: «Егер Ол сендерге бір зиян қаласа немесе Ол сендерге бір пайда қалайтын болса, сендер үшін кім Аллаһтың алдында бірнәрсеге иелік ете алады?» Жоқ! Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар
بَلْ ظَنَنْتُمْ أَنْ لَنْ يَنْقَلِبَ الرَّسُولُ وَالْمُؤْمِنُونَ إِلَىٰ أَهْلِيهِمْ أَبَدًا وَزُيِّنَ ذَٰلِكَ فِي قُلُوبِكُمْ وَظَنَنْتُمْ ظَنَّ السَّوْءِ وَكُنْتُمْ قَوْمًا بُورًا
Керісінше, сендер Елші және иманға келгендер үй-ішіне ешқашан оралмайды деп ойладыңдар. Әрі бұл сендердің жүректеріңде көркем етіліп көрсетілді. Сендер жаман ой ойладыңдар әрі жойылуға ұшырайтын топ болдыңдар
وَمَنْ لَمْ يُؤْمِنْ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ فَإِنَّا أَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ سَعِيرًا
Кім Аллаһқа және Оның елшісіне сенбесе, Біз анығында, кәпірлер үшін Саъирді дайындадық
وَلِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ يَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Аспандар және жердің билігі Аллаһта. Ол кімді қаласа кешіреді, әрі кімді қаласа азаптайды. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
سَيَقُولُ الْمُخَلَّفُونَ إِذَا انْطَلَقْتُمْ إِلَىٰ مَغَانِمَ لِتَأْخُذُوهَا ذَرُونَا نَتَّبِعْكُمْ ۖ يُرِيدُونَ أَنْ يُبَدِّلُوا كَلَامَ اللَّهِ ۚ قُلْ لَنْ تَتَّبِعُونَا كَذَٰلِكُمْ قَالَ اللَّهُ مِنْ قَبْلُ ۖ فَسَيَقُولُونَ بَلْ تَحْسُدُونَنَا ۚ بَلْ كَانُوا لَا يَفْقَهُونَ إِلَّا قَلِيلًا
Сендер олжа алу үшін жорыққа шыққандарыңда соғысқа шықпай қалдырылғандар: «Бізді жіберіңдер, сендерге ерейік», дейді. Олар Аллаһтың сөзін өзгертуді қалайды. Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендер бізге ешқашан ермейсіңдер. Аллаһ сендерге қатысты бұрын осылай деген», деп. Сонда олар: «Жоқ, сендер бізден қызғанып тұрсыңдар», дейді. Анығында, олар аз ғана түсінеді

Choose other languages: