Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #272 Translated in Kazakh

الشَّيْطَانُ يَعِدُكُمُ الْفَقْرَ وَيَأْمُرُكُمْ بِالْفَحْشَاءِ ۖ وَاللَّهُ يَعِدُكُمْ مَغْفِرَةً مِنْهُ وَفَضْلًا ۗ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ
Шайтан сендерге кедейлікті уәде етеді және жиіркенішті істерді бұйырады. Ал, Аллаһ сендерге Өзінің кешірімі мен кеңшілігін уәде етеді. Ақиқатында, Аллаһ мейірімі Кең, бәрін Білуші
يُؤْتِي الْحِكْمَةَ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَمَنْ يُؤْتَ الْحِكْمَةَ فَقَدْ أُوتِيَ خَيْرًا كَثِيرًا ۗ وَمَا يَذَّكَّرُ إِلَّا أُولُو الْأَلْبَابِ
Ол Аллаһ қалағанына даналық береді. Ал, кімге даналық берілсе, ақиқатында, оған көп игілік берілді. Алайда, ақыл иелері ғана еске алады
وَمَا أَنْفَقْتُمْ مِنْ نَفَقَةٍ أَوْ نَذَرْتُمْ مِنْ نَذْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ يَعْلَمُهُ ۗ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنْصَارٍ
Қандай да бір садақа берсеңдер не­месе бір нәзір (өзіне міндетті емес нәрсені міндетіне алу) атасаңдар, анығында, Аллаһ оны біледі. Ал, әділетсіздерге көмек беруші болмайды
إِنْ تُبْدُوا الصَّدَقَاتِ فَنِعِمَّا هِيَ ۖ وَإِنْ تُخْفُوهَا وَتُؤْتُوهَا الْفُقَرَاءَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ ۚ وَيُكَفِّرُ عَنْكُمْ مِنْ سَيِّئَاتِكُمْ ۗ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Егер садақаларды ашық түрде берсендер жақсы. Ал, егер оны бергендеріңді жасырсаңдар әрі оны кедейлерге берсеңдер, ол өздерің үшін қайырлы. Ол сендердің жаман істеріңді өшіреді. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан толық Хабардар
لَيْسَ عَلَيْكَ هُدَاهُمْ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ ۗ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ خَيْرٍ فَلِأَنْفُسِكُمْ ۚ وَمَا تُنْفِقُونَ إِلَّا ابْتِغَاءَ وَجْهِ اللَّهِ ۚ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ خَيْرٍ يُوَفَّ إِلَيْكُمْ وَأَنْتُمْ لَا تُظْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Оларды тура жолға түсіру сенің міндетің емес. Алайда, Аллаһ қалағанын тура жолға түсіреді. жақсылықтан не берсеңдер де, ол өздерің үшін. Сендер тек Аллаһтың дидарын қалап қана бересіңдер. жақсылықтан бергендерің толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік етілмейді

Choose other languages: