Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #271 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَنْفِقُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّا أَخْرَجْنَا لَكُمْ مِنَ الْأَرْضِ ۖ وَلَا تَيَمَّمُوا الْخَبِيثَ مِنْهُ تُنْفِقُونَ وَلَسْتُمْ بِآخِذِيهِ إِلَّا أَنْ تُغْمِضُوا فِيهِ ۚ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ حَمِيدٌ
Ей, иманға келгендер! Тапқандарыңның және Біз сендерге жерден шығарып бергеніміздің жақсыларынан садақа етіп жұмсаңдар. Әрі көздеріңді жұмып тұрып болмаса, өздерің де алмайтын нашар нәрсеніжұмсауға талпынбаңдар. Әрі, Аллаһтың аса Бай , өте Мақтаулы екенін біліңдер
الشَّيْطَانُ يَعِدُكُمُ الْفَقْرَ وَيَأْمُرُكُمْ بِالْفَحْشَاءِ ۖ وَاللَّهُ يَعِدُكُمْ مَغْفِرَةً مِنْهُ وَفَضْلًا ۗ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ
Шайтан сендерге кедейлікті уәде етеді және жиіркенішті істерді бұйырады. Ал, Аллаһ сендерге Өзінің кешірімі мен кеңшілігін уәде етеді. Ақиқатында, Аллаһ мейірімі Кең, бәрін Білуші
يُؤْتِي الْحِكْمَةَ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَمَنْ يُؤْتَ الْحِكْمَةَ فَقَدْ أُوتِيَ خَيْرًا كَثِيرًا ۗ وَمَا يَذَّكَّرُ إِلَّا أُولُو الْأَلْبَابِ
Ол Аллаһ қалағанына даналық береді. Ал, кімге даналық берілсе, ақиқатында, оған көп игілік берілді. Алайда, ақыл иелері ғана еске алады
وَمَا أَنْفَقْتُمْ مِنْ نَفَقَةٍ أَوْ نَذَرْتُمْ مِنْ نَذْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ يَعْلَمُهُ ۗ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنْصَارٍ
Қандай да бір садақа берсеңдер не­месе бір нәзір (өзіне міндетті емес нәрсені міндетіне алу) атасаңдар, анығында, Аллаһ оны біледі. Ал, әділетсіздерге көмек беруші болмайды
إِنْ تُبْدُوا الصَّدَقَاتِ فَنِعِمَّا هِيَ ۖ وَإِنْ تُخْفُوهَا وَتُؤْتُوهَا الْفُقَرَاءَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ ۚ وَيُكَفِّرُ عَنْكُمْ مِنْ سَيِّئَاتِكُمْ ۗ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Егер садақаларды ашық түрде берсендер жақсы. Ал, егер оны бергендеріңді жасырсаңдар әрі оны кедейлерге берсеңдер, ол өздерің үшін қайырлы. Ол сендердің жаман істеріңді өшіреді. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан толық Хабардар

Choose other languages: