Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #240 Translated in Kazakh

لَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ إِنْ طَلَّقْتُمُ النِّسَاءَ مَا لَمْ تَمَسُّوهُنَّ أَوْ تَفْرِضُوا لَهُنَّ فَرِيضَةً ۚ وَمَتِّعُوهُنَّ عَلَى الْمُوسِعِ قَدَرُهُ وَعَلَى الْمُقْتِرِ قَدَرُهُ مَتَاعًا بِالْمَعْرُوفِ ۖ حَقًّا عَلَى الْمُحْسِنِينَ
Әйелдерді қосылудан бұрын әрі оларға мәһр қалыңдықтың сыйлығын белгілеуден бұрын талақ етсеңдер, сендерге күнә болмайды. Сонда оларды жағдайы бар өз мүмкіндігіне сай, ал жағдайы нашар өз шамасынша құпталғанға сай пайдаландырыңдар, бұл жақсылықты ықыласпен істеушілер үшін бір міндет
وَإِنْ طَلَّقْتُمُوهُنَّ مِنْ قَبْلِ أَنْ تَمَسُّوهُنَّ وَقَدْ فَرَضْتُمْ لَهُنَّ فَرِيضَةً فَنِصْفُ مَا فَرَضْتُمْ إِلَّا أَنْ يَعْفُونَ أَوْ يَعْفُوَ الَّذِي بِيَدِهِ عُقْدَةُ النِّكَاحِ ۚ وَأَنْ تَعْفُوا أَقْرَبُ لِلتَّقْوَىٰ ۚ وَلَا تَنْسَوُا الْفَضْلَ بَيْنَكُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
Егер оларға мәһр қалыңдықтың сыйлығын белгілеп, қосылудан бұрын талақ етсеңдер, оларға мәһрдің жартысы тиеді. Тек, егер, олар әйелдер кешірсе белгіленген мәһрін алмаса немесе неке түйіні қолындағы ер кісі кешірсе мәһрді толық қалдырса ол басқа. Ал, кешірулерің тақуалыққа Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа жақынырақ. Әрі бір-біріңе кеңшілік жасауды ұмытпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші
حَافِظُوا عَلَى الصَّلَوَاتِ وَالصَّلَاةِ الْوُسْطَىٰ وَقُومُوا لِلَّهِ قَانِتِينَ
Намаздарға әрі ортаңғы намазға мұқият болыңдар және Аллаһқа беріле бойсұнған күйде тұрыңдар
فَإِنْ خِفْتُمْ فَرِجَالًا أَوْ رُكْبَانًا ۖ فَإِذَا أَمِنْتُمْ فَاذْكُرُوا اللَّهَ كَمَا عَلَّمَكُمْ مَا لَمْ تَكُونُوا تَعْلَمُونَ
Ал, егер, қауіптенсеңдер, жаяу немесе көлік үстінде оқыңдар . Қашан қауіпсіз болған кезде, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей, Аллаһты еске алыңдар
وَالَّذِينَ يُتَوَفَّوْنَ مِنْكُمْ وَيَذَرُونَ أَزْوَاجًا وَصِيَّةً لِأَزْوَاجِهِمْ مَتَاعًا إِلَى الْحَوْلِ غَيْرَ إِخْرَاجٍ ۚ فَإِنْ خَرَجْنَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِي مَا فَعَلْنَ فِي أَنْفُسِهِنَّ مِنْ مَعْرُوفٍ ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Сендерден қайтыс болып артында әйелдері жесір қалатындар, әйелдері үшін бір жылға дейін күйеулерінің үйінен шығарып жібермей, қамтамасыз етілуі өсиет етіледі. Егер әйелдері өздері шығып кетсе, олардың өздеріне байланысты құпталғанға сай ісінде сендерге күнә болмайды. Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана

Choose other languages: