Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #25 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُوا رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ
Ей, адамдар! Сендерді және сендерден бұрынғыларды да жаратқан өздеріңнің Раббыңа құлшылық қылыңдар тақуа болуларың үшін
الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الْأَرْضَ فِرَاشًا وَالسَّمَاءَ بِنَاءً وَأَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقًا لَكُمْ ۖ فَلَا تَجْعَلُوا لِلَّهِ أَنْدَادًا وَأَنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Сол Аллаһ сендерге жерді төсеніш, аспанды бір құрылым етіп жаратты. Әрі аспаннан су түсіріп, сол арқылы сендерге ризық ретінде өнімдерді шығарды. Енді біле тұра, Аллаһқа ешкімді серік қосып ,теңестірмеңдер
وَإِنْ كُنْتُمْ فِي رَيْبٍ مِمَّا نَزَّلْنَا عَلَىٰ عَبْدِنَا فَأْتُوا بِسُورَةٍ مِنْ مِثْلِهِ وَادْعُوا شُهَدَاءَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ал, егер құлымызға түсіргенімізден күмәнда болсаңдар, сол түсіргенімізге ұқсас бір сүре келтіріңдер әрі Аллаһтан өзге куәларыңды шақырыңдар, егер шын сөзді болсаңдар
فَإِنْ لَمْ تَفْعَلُوا وَلَنْ تَفْعَلُوا فَاتَّقُوا النَّارَ الَّتِي وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ ۖ أُعِدَّتْ لِلْكَافِرِينَ
Ал, егер мұны жасамасаңдар, сендер оны ешқашан жасай алмайсыңдар, ендеше, отыны адамдар және тастар болатын Оттан қорқыңдар. Ол кәпірлер үшін әзірленген
وَبَشِّرِ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۖ كُلَّمَا رُزِقُوا مِنْهَا مِنْ ثَمَرَةٍ رِزْقًا ۙ قَالُوا هَٰذَا الَّذِي رُزِقْنَا مِنْ قَبْلُ ۖ وَأُتُوا بِهِ مُتَشَابِهًا ۖ وَلَهُمْ فِيهَا أَزْوَاجٌ مُطَهَّرَةٌ ۖ وَهُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ей, Мұхаммед! Иманға келген және ізгі амал жасағандарды сүйіншіле: оларға астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтар бар. Оларға оның жемісінен бір ризық берілген сайын олар: «Бұл бізге бұрын да берілген еді», дейді. Оларға Жәннатта оның ұқсасы беріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар бар. Олар онда мәңгі қалады

Choose other languages: