Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #28 Translated in Kazakh

فَإِنْ لَمْ تَفْعَلُوا وَلَنْ تَفْعَلُوا فَاتَّقُوا النَّارَ الَّتِي وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ ۖ أُعِدَّتْ لِلْكَافِرِينَ
Ал, егер мұны жасамасаңдар, сендер оны ешқашан жасай алмайсыңдар, ендеше, отыны адамдар және тастар болатын Оттан қорқыңдар. Ол кәпірлер үшін әзірленген
وَبَشِّرِ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۖ كُلَّمَا رُزِقُوا مِنْهَا مِنْ ثَمَرَةٍ رِزْقًا ۙ قَالُوا هَٰذَا الَّذِي رُزِقْنَا مِنْ قَبْلُ ۖ وَأُتُوا بِهِ مُتَشَابِهًا ۖ وَلَهُمْ فِيهَا أَزْوَاجٌ مُطَهَّرَةٌ ۖ وَهُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ей, Мұхаммед! Иманға келген және ізгі амал жасағандарды сүйіншіле: оларға астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтар бар. Оларға оның жемісінен бір ризық берілген сайын олар: «Бұл бізге бұрын да берілген еді», дейді. Оларға Жәннатта оның ұқсасы беріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар бар. Олар онда мәңгі қалады
إِنَّ اللَّهَ لَا يَسْتَحْيِي أَنْ يَضْرِبَ مَثَلًا مَا بَعُوضَةً فَمَا فَوْقَهَا ۚ فَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا فَيَعْلَمُونَ أَنَّهُ الْحَقُّ مِنْ رَبِّهِمْ ۖ وَأَمَّا الَّذِينَ كَفَرُوا فَيَقُولُونَ مَاذَا أَرَادَ اللَّهُ بِهَٰذَا مَثَلًا ۘ يُضِلُّ بِهِ كَثِيرًا وَيَهْدِي بِهِ كَثِيرًا ۚ وَمَا يُضِلُّ بِهِ إِلَّا الْفَاسِقِينَ
Ақиқатында, Аллаһ масаны және одан да арғысын мысал етіп келтіруден ұялмайды. Иманға келгендер болса, оның бұл мысалдың өздерінің Раббысынан келген ақиқат екенін біледі. Ал, күпірлікеткендер: «Аллаһ осы мысал арқылы нені қалады?» дейді. Ол осы арқылы көбін адастырып, әрі онымен көбін тура жолға түсіреді. Бірақ, Ол онымен бұзықтардан басқаны адастырмайды
الَّذِينَ يَنْقُضُونَ عَهْدَ اللَّهِ مِنْ بَعْدِ مِيثَاقِهِ وَيَقْطَعُونَ مَا أَمَرَ اللَّهُ بِهِ أَنْ يُوصَلَ وَيُفْسِدُونَ فِي الْأَرْضِ ۚ أُولَٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ
Олар бұзықтар , Аллаһқа берген серттерін бекіткеннен кейін бұзады және Аллаһ үзбей сақтауды бұйырғанды үзеді, әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасайды. Міне, солар зиянға ұшырайтындар
كَيْفَ تَكْفُرُونَ بِاللَّهِ وَكُنْتُمْ أَمْوَاتًا فَأَحْيَاكُمْ ۖ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Сендер Аллаһқа қалай күпірлік етесіңдер? Өлі жоқ едіңдер, Ол сендерді тірілтті. Кейін өлтіріп, тірілтеді, одан соң Оған қайтарыласыңдар

Choose other languages: