Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #69 Translated in Kazakh

وَإِلَىٰ عَادٍ أَخَاهُمْ هُودًا ۗ قَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۚ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һудты жібердік . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қорықпайсыңдар ма?» деді
قَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَوْمِهِ إِنَّا لَنَرَاكَ فِي سَفَاهَةٍ وَإِنَّا لَنَظُنُّكَ مِنَ الْكَاذِبِينَ
Оның еліндегі күпірлік етуші қарсы болған уәзірлері мен бектері: «Негізінде, біз сені бір жетесіз көріп тұрмыз әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз», деді
قَالَ يَا قَوْمِ لَيْسَ بِي سَفَاهَةٌ وَلَٰكِنِّي رَسُولٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Һуд : «Әй, елім! Мен жетесіз емеспін. Анығында, мен әлемдердің Раббысынан жіберілген Елшімін
أُبَلِّغُكُمْ رِسَالَاتِ رَبِّي وَأَنَا لَكُمْ نَاصِحٌ أَمِينٌ
Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін. Әрі сендерге сенімді кеңес берушімін
أَوَعَجِبْتُمْ أَنْ جَاءَكُمْ ذِكْرٌ مِنْ رَبِّكُمْ عَلَىٰ رَجُلٍ مِنْكُمْ لِيُنْذِرَكُمْ ۚ وَاذْكُرُوا إِذْ جَعَلَكُمْ خُلَفَاءَ مِنْ بَعْدِ قَوْمِ نُوحٍ وَزَادَكُمْ فِي الْخَلْقِ بَسْطَةً ۖ فَاذْكُرُوا آلَاءَ اللَّهِ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
Сендерге ескертуі үшін араларыңнан болған бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, ескерту келгеніне таң қаласыңдар ма? Оның сендерді Нұх елінен кейін, халифа олардың орнын басушылар еткенін әрі жаратылыста үлкен еткенін естеріңе алыңдар. Жетістікке жету үшін, Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар», деді

Choose other languages: