Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #72 Translated in Kazakh

أُبَلِّغُكُمْ رِسَالَاتِ رَبِّي وَأَنَا لَكُمْ نَاصِحٌ أَمِينٌ
Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін. Әрі сендерге сенімді кеңес берушімін
أَوَعَجِبْتُمْ أَنْ جَاءَكُمْ ذِكْرٌ مِنْ رَبِّكُمْ عَلَىٰ رَجُلٍ مِنْكُمْ لِيُنْذِرَكُمْ ۚ وَاذْكُرُوا إِذْ جَعَلَكُمْ خُلَفَاءَ مِنْ بَعْدِ قَوْمِ نُوحٍ وَزَادَكُمْ فِي الْخَلْقِ بَسْطَةً ۖ فَاذْكُرُوا آلَاءَ اللَّهِ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
Сендерге ескертуі үшін араларыңнан болған бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, ескерту келгеніне таң қаласыңдар ма? Оның сендерді Нұх елінен кейін, халифа олардың орнын басушылар еткенін әрі жаратылыста үлкен еткенін естеріңе алыңдар. Жетістікке жету үшін, Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар», деді
قَالُوا أَجِئْتَنَا لِنَعْبُدَ اللَّهَ وَحْدَهُ وَنَذَرَ مَا كَانَ يَعْبُدُ آبَاؤُنَا ۖ فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Олар : «Сен бізге, біздің Аллаһтың жалғыз Өзіне құлшылық жасап, ата-бабаларымыз табынып келгендерін тастауымыз үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге уәде етіп отырғандарыңды келтір», деді
قَالَ قَدْ وَقَعَ عَلَيْكُمْ مِنْ رَبِّكُمْ رِجْسٌ وَغَضَبٌ ۖ أَتُجَادِلُونَنِي فِي أَسْمَاءٍ سَمَّيْتُمُوهَا أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمْ مَا نَزَّلَ اللَّهُ بِهَا مِنْ سُلْطَانٍ ۚ فَانْتَظِرُوا إِنِّي مَعَكُمْ مِنَ الْمُنْتَظِرِينَ
Һуд : «Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан азап және ашу келді. Сендер өздерің және ата-бабаларың пұт құдайларды! атаған есімдер жайында менімен тартысасыңдар ма? Аллаһ олар жөнінде ешбір дәлел түсірмеген. Ендеше күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерден боламын», деді
فَأَنْجَيْنَاهُ وَالَّذِينَ مَعَهُ بِرَحْمَةٍ مِنَّا وَقَطَعْنَا دَابِرَ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا ۖ وَمَا كَانُوا مُؤْمِنِينَ
Сонда Біз оны және онымен бірге болғандарды Өзімізден болған мейіріммен құтқарып, аяттарымызды өтірікке шығарғандардың артын үздік толық жойдық . Олар иманға келмеген еді

Choose other languages: