Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #62 Translated in Kazakh

وَالْبَلَدُ الطَّيِّبُ يَخْرُجُ نَبَاتُهُ بِإِذْنِ رَبِّهِ ۖ وَالَّذِي خَبُثَ لَا يَخْرُجُ إِلَّا نَكِدًا ۚ كَذَٰلِكَ نُصَرِّفُ الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَشْكُرُونَ
жақсы жердің өсімдігі Раббысының рұқсатымен жақсы шығады. Ал, нашар болғандікі жұтаң болып шығады. Біз аяттарды Аллаһтың игіліктеріне алғыс білдіретін шүкір ететін адамдар үшін, осылай етіп түсіндіреміз
لَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ فَقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ
Ақиқатында, Біз Нұхты өз еліне Елші етіп жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Мен сендерге ұлы Күннің азабынан қорқамын», деді
قَالَ الْمَلَأُ مِنْ قَوْمِهِ إِنَّا لَنَرَاكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Оның елінің уәзірлері мен бектері: «Анығында, біз сені анық адасуда көреміз», деді
قَالَ يَا قَوْمِ لَيْسَ بِي ضَلَالَةٌ وَلَٰكِنِّي رَسُولٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Нұх : айтты «Әй, елім! Менде ешқандай адасушылық жоқ. Анығында, мен әлемдердің Раббысынан жіберілген Елшімін
أُبَلِّغُكُمْ رِسَالَاتِ رَبِّي وَأَنْصَحُ لَكُمْ وَأَعْلَمُ مِنَ اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін әрі өздеріңе ізгі кеңес беремін және мен Аллаһ тарапынан сендер білмеген нәрсені білемін

Choose other languages: