Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #63 Translated in Kazakh

لَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ فَقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ
Ақиқатында, Біз Нұхты өз еліне Елші етіп жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Мен сендерге ұлы Күннің азабынан қорқамын», деді
قَالَ الْمَلَأُ مِنْ قَوْمِهِ إِنَّا لَنَرَاكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Оның елінің уәзірлері мен бектері: «Анығында, біз сені анық адасуда көреміз», деді
قَالَ يَا قَوْمِ لَيْسَ بِي ضَلَالَةٌ وَلَٰكِنِّي رَسُولٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Нұх : айтты «Әй, елім! Менде ешқандай адасушылық жоқ. Анығында, мен әлемдердің Раббысынан жіберілген Елшімін
أُبَلِّغُكُمْ رِسَالَاتِ رَبِّي وَأَنْصَحُ لَكُمْ وَأَعْلَمُ مِنَ اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін әрі өздеріңе ізгі кеңес беремін және мен Аллаһ тарапынан сендер білмеген нәрсені білемін
أَوَعَجِبْتُمْ أَنْ جَاءَكُمْ ذِكْرٌ مِنْ رَبِّكُمْ عَلَىٰ رَجُلٍ مِنْكُمْ لِيُنْذِرَكُمْ وَلِتَتَّقُوا وَلَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Сендерге Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың тақуалық етулерің әрі мейірімге жетулерің үшін, араларыңнан шыққан бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, ескерту келгеніне таң қаласыңдар ма?» деп

Choose other languages: