Surah Al-Araf Ayahs #192 Translated in Kazakh
قُلْ لَا أَمْلِكُ لِنَفْسِي نَفْعًا وَلَا ضَرًّا إِلَّا مَا شَاءَ اللَّهُ ۚ وَلَوْ كُنْتُ أَعْلَمُ الْغَيْبَ لَاسْتَكْثَرْتُ مِنَ الْخَيْرِ وَمَا مَسَّنِيَ السُّوءُ ۚ إِنْ أَنَا إِلَّا نَذِيرٌ وَبَشِيرٌ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Айт: «Аллаһ қаламайынша, мен өзім үшін пайда, зиян келтіру билігіне ие емеспін. Егер де ғайыпты жасырын нәрселерді білетін болғанымда, жақсылықты көбейтіп алар едім және маған ешбір жамандық тимес еді. Мен бар болғаны иманға келген адамдар үшін ескертуші және қуанышты хабар жеткізушімін», деп
هُوَ الَّذِي خَلَقَكُمْ مِنْ نَفْسٍ وَاحِدَةٍ وَجَعَلَ مِنْهَا زَوْجَهَا لِيَسْكُنَ إِلَيْهَا ۖ فَلَمَّا تَغَشَّاهَا حَمَلَتْ حَمْلًا خَفِيفًا فَمَرَّتْ بِهِ ۖ فَلَمَّا أَثْقَلَتْ دَعَوَا اللَّهَ رَبَّهُمَا لَئِنْ آتَيْتَنَا صَالِحًا لَنَكُونَنَّ مِنَ الشَّاكِرِينَ
Ол Аллаһ сендерді бір жаннан Адам атадан жаратты және одан жұбайын жасады, сөйтіп оның онымен тыныштық табуы үшін. Ол оны жапқанда жақындасқанда жұбайы жеңіл жүкті болып, сонымен жүрді. Сонда жұбайының аяғы ауырлаған кезде, екеуі өздерінің Раббысы Аллаһтан: «Егер бізге ізгі перзент берсең, біз, шүкір етушілерден берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден боламыз», деп тіледі
فَلَمَّا آتَاهُمَا صَالِحًا جَعَلَا لَهُ شُرَكَاءَ فِيمَا آتَاهُمَا ۚ فَتَعَالَى اللَّهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Аллаһ екеуіне түзу перзент берген кезде, екеуі Оның өздеріне бергенінде Оған серіктер қосты. Аллаһ олардың серік етіп қосатындарынан жоғары
أَيُشْرِكُونَ مَا لَا يَخْلُقُ شَيْئًا وَهُمْ يُخْلَقُونَ
Олар еш нәрсені жарата алмайтын, керісінше, өздері жаратылатын нәрселерді Аллаһқа серік етеді ме
وَلَا يَسْتَطِيعُونَ لَهُمْ نَصْرًا وَلَا أَنْفُسَهُمْ يَنْصُرُونَ
Әрі олардың серік етіп қосқандары оларға көмектесуге күштері жетпейді және өздеріне де көмектесе алмайды
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
