Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #195 Translated in Kazakh

أَيُشْرِكُونَ مَا لَا يَخْلُقُ شَيْئًا وَهُمْ يُخْلَقُونَ
Олар еш нәрсені жарата алмайтын, керісінше, өздері жаратылатын нәрселерді Аллаһқа серік етеді ме
وَلَا يَسْتَطِيعُونَ لَهُمْ نَصْرًا وَلَا أَنْفُسَهُمْ يَنْصُرُونَ
Әрі олардың серік етіп қосқандары оларға көмектесуге күштері жетпейді және өздеріне де көмектесе алмайды
وَإِنْ تَدْعُوهُمْ إِلَى الْهُدَىٰ لَا يَتَّبِعُوكُمْ ۚ سَوَاءٌ عَلَيْكُمْ أَدَعَوْتُمُوهُمْ أَمْ أَنْتُمْ صَامِتُونَ
Егер оларды қосқан серіктерді тура жолға шақырсаңдар, олар сендерге ермейді. Оларды шақыруларың да, не үндемей қалуларың да сендер үшін бірдей
إِنَّ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ عِبَادٌ أَمْثَالُكُمْ ۖ فَادْعُوهُمْ فَلْيَسْتَجِيبُوا لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Сендердің Аллаһтан басқа шақыратындарың табынатындарың өздерің сияқты құлдар. Шын сөзді болсаңдар, оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін
أَلَهُمْ أَرْجُلٌ يَمْشُونَ بِهَا ۖ أَمْ لَهُمْ أَيْدٍ يَبْطِشُونَ بِهَا ۖ أَمْ لَهُمْ أَعْيُنٌ يُبْصِرُونَ بِهَا ۖ أَمْ لَهُمْ آذَانٌ يَسْمَعُونَ بِهَا ۗ قُلِ ادْعُوا شُرَكَاءَكُمْ ثُمَّ كِيدُونِ فَلَا تُنْظِرُونِ
Олардың жүретін аяқтары бар ма, әлде олардың ұстайтын қолдары бар ма, не олардың көретін көздері бар ма немесе олардың еститін құлақтары бар ма? Айт: «Серік етіп қосқандарыңды шақырыңдар, содан кейін маған мұрсат бермей, айла-шарғы істеңдер

Choose other languages: