Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #97 Translated in Kazakh

وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا أَوْ قَالَ أُوحِيَ إِلَيَّ وَلَمْ يُوحَ إِلَيْهِ شَيْءٌ وَمَنْ قَالَ سَأُنْزِلُ مِثْلَ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ ۗ وَلَوْ تَرَىٰ إِذِ الظَّالِمُونَ فِي غَمَرَاتِ الْمَوْتِ وَالْمَلَائِكَةُ بَاسِطُو أَيْدِيهِمْ أَخْرِجُوا أَنْفُسَكُمُ ۖ الْيَوْمَ تُجْزَوْنَ عَذَابَ الْهُونِ بِمَا كُنْتُمْ تَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ غَيْرَ الْحَقِّ وَكُنْتُمْ عَنْ آيَاتِهِ تَسْتَكْبِرُونَ
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан жала жапқаннан немесе өзіне еш нәрсе уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді», деп айтқаннан және: «Мен Аллаһтың түсіргені сияқтыны түсіремін», дегеннен өткен әділетсіз біреу бар ма? Әділетсіздерді өлім жанталасында жатқанда, періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды рухтарыңды шығарыңдар! Аллаһ жайында ақиқаттан өзге сөз айтқандарың әрі Оның аяттарынан өздеріңді жоғары қойғандықтарың үшін, бүгін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлық азабы беріледі», дегенде көрсең
وَلَقَدْ جِئْتُمُونَا فُرَادَىٰ كَمَا خَلَقْنَاكُمْ أَوَّلَ مَرَّةٍ وَتَرَكْتُمْ مَا خَوَّلْنَاكُمْ وَرَاءَ ظُهُورِكُمْ ۖ وَمَا نَرَىٰ مَعَكُمْ شُفَعَاءَكُمُ الَّذِينَ زَعَمْتُمْ أَنَّهُمْ فِيكُمْ شُرَكَاءُ ۚ لَقَدْ تَقَطَّعَ بَيْنَكُمْ وَضَلَّ عَنْكُمْ مَا كُنْتُمْ تَزْعُمُونَ
Міне, сендер Бізге, алғашқыда жаратқанымыздай жалғыз болып келдіңдер. Әрі Біз сендерге берген нәрселерді арттарыңа қалдырдыңдар. Енді өз араларыңда Аллаһқа серік деп санаған «қолдаушыларыңды» сендермен бірге көрмей тұрмыз. Араларың үзілді әрі «қолдайды» деп есептеген нәрселерің сендерден жоқ болып кетті
إِنَّ اللَّهَ فَالِقُ الْحَبِّ وَالنَّوَىٰ ۖ يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَمُخْرِجُ الْمَيِّتِ مِنَ الْحَيِّ ۚ ذَٰلِكُمُ اللَّهُ ۖ فَأَنَّىٰ تُؤْفَكُونَ
Ақиқатында, Аллаһ дән мен дәнекті жарып шығарушы. Ол өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады. Міңе, осы Аллаһ. Сонда, қайда ауып бара жатырсыңдар
فَالِقُ الْإِصْبَاحِ وَجَعَلَ اللَّيْلَ سَكَنًا وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ حُسْبَانًا ۚ ذَٰلِكَ تَقْدِيرُ الْعَزِيزِ الْعَلِيمِ
Ол таңның жарығын шығарушы. Ол түнді тыным етіп жасады, ал күн мен айды есеппен қозғалатын етті. Бұл бәрінен Үстем, бәрін Білушінің бекіткен өлшеуі
وَهُوَ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ النُّجُومَ لِتَهْتَدُوا بِهَا فِي ظُلُمَاتِ الْبَرِّ وَالْبَحْرِ ۗ قَدْ فَصَّلْنَا الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَعْلَمُونَ
Әрі Ол Аллаһ сендерге, жұлдыздарды құрлық және теңіз қараңғылықтарында жол табуларың үшін жасаған. Анығында, Біз аяттарды білетін адамдар үшін анық-айқын етіп түсіндірдік

Choose other languages: