Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #99 Translated in Kazakh

إِنَّ اللَّهَ فَالِقُ الْحَبِّ وَالنَّوَىٰ ۖ يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَمُخْرِجُ الْمَيِّتِ مِنَ الْحَيِّ ۚ ذَٰلِكُمُ اللَّهُ ۖ فَأَنَّىٰ تُؤْفَكُونَ
Ақиқатында, Аллаһ дән мен дәнекті жарып шығарушы. Ол өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады. Міңе, осы Аллаһ. Сонда, қайда ауып бара жатырсыңдар
فَالِقُ الْإِصْبَاحِ وَجَعَلَ اللَّيْلَ سَكَنًا وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ حُسْبَانًا ۚ ذَٰلِكَ تَقْدِيرُ الْعَزِيزِ الْعَلِيمِ
Ол таңның жарығын шығарушы. Ол түнді тыным етіп жасады, ал күн мен айды есеппен қозғалатын етті. Бұл бәрінен Үстем, бәрін Білушінің бекіткен өлшеуі
وَهُوَ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ النُّجُومَ لِتَهْتَدُوا بِهَا فِي ظُلُمَاتِ الْبَرِّ وَالْبَحْرِ ۗ قَدْ فَصَّلْنَا الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَعْلَمُونَ
Әрі Ол Аллаһ сендерге, жұлдыздарды құрлық және теңіз қараңғылықтарында жол табуларың үшін жасаған. Анығында, Біз аяттарды білетін адамдар үшін анық-айқын етіп түсіндірдік
وَهُوَ الَّذِي أَنْشَأَكُمْ مِنْ نَفْسٍ وَاحِدَةٍ فَمُسْتَقَرٌّ وَمُسْتَوْدَعٌ ۗ قَدْ فَصَّلْنَا الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَفْقَهُونَ
Әрі Ол сендерді бір жаннан өсіріп шығарған және сендерге тұратын орын және сақталатын орын жасаған .Біз түсінетін адамдар үшін аяттарды анықтап түсіндірдік
وَهُوَ الَّذِي أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجْنَا بِهِ نَبَاتَ كُلِّ شَيْءٍ فَأَخْرَجْنَا مِنْهُ خَضِرًا نُخْرِجُ مِنْهُ حَبًّا مُتَرَاكِبًا وَمِنَ النَّخْلِ مِنْ طَلْعِهَا قِنْوَانٌ دَانِيَةٌ وَجَنَّاتٍ مِنْ أَعْنَابٍ وَالزَّيْتُونَ وَالرُّمَّانَ مُشْتَبِهًا وَغَيْرَ مُتَشَابِهٍ ۗ انْظُرُوا إِلَىٰ ثَمَرِهِ إِذَا أَثْمَرَ وَيَنْعِهِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكُمْ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Әрі Ол аспаннан су түсірген. Біз ол арқылы әртүрлі өсімдікті шығардық. Одан көк шығарып, ал одан шоғырланған дән шығарамыз. Құрманың түйінінен иілген жемісті шақтар шығарамыз. Сондай-ақ жүзімнен бақтар және бір-біріне ұқсайтын, ұқсамайтынзәйтүн мен анар шығарамыз. Олардың жеміс салған және жемісі пісіп жетілген кезіне назар салыңдар. Ақиқатында, Мұнда имандылар мүміндер үшін белгі-дәлелдер бар

Choose other languages: