Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #39 Translated in Kazakh

وَإِنْ كَانَ كَبُرَ عَلَيْكَ إِعْرَاضُهُمْ فَإِنِ اسْتَطَعْتَ أَنْ تَبْتَغِيَ نَفَقًا فِي الْأَرْضِ أَوْ سُلَّمًا فِي السَّمَاءِ فَتَأْتِيَهُمْ بِآيَةٍ ۚ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَجَمَعَهُمْ عَلَى الْهُدَىٰ ۚ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْجَاهِلِينَ
Егер саған олардың теріс бұрылулары ауыр тисе, қолыңнан келсе, жерде өтетін бір саңылау немесе аспанда шығатын бір саты іздеп тауып, оларға белгі-мұғжиза әкел! Аллаһ егер қалағанда, оларды тура жолда жинар еді. Сондықтан, сен надандар қатарында болма
إِنَّمَا يَسْتَجِيبُ الَّذِينَ يَسْمَعُونَ ۘ وَالْمَوْتَىٰ يَبْعَثُهُمُ اللَّهُ ثُمَّ إِلَيْهِ يُرْجَعُونَ
Анығында, ден қойып тыңдайтындар шақыруыңа жауап береді. Ал, өлгендерді болса, Аллаһ тірілтеді, кейін олар Оған қайтарылады
وَقَالُوا لَوْلَا نُزِّلَ عَلَيْهِ آيَةٌ مِنْ رَبِّهِ ۚ قُلْ إِنَّ اللَّهَ قَادِرٌ عَلَىٰ أَنْ يُنَزِّلَ آيَةً وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Олар: «Оған Раббысынан бір белгі түсірілмей ме?» деді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында, Аллаһтың белгі түсіруге күші жетеді», деп. Алайда, олардың көпшілігі білмейді
وَمَا مِنْ دَابَّةٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا طَائِرٍ يَطِيرُ بِجَنَاحَيْهِ إِلَّا أُمَمٌ أَمْثَالُكُمْ ۚ مَا فَرَّطْنَا فِي الْكِتَابِ مِنْ شَيْءٍ ۚ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّهِمْ يُحْشَرُونَ
Жер бетіндегі барлық жаны бар және екі қанатымен ұшатын құс өздерің секілді қауымдар. Біз Кітапта Ләухул-махфузда еш нәрсені қалдырмадық бәрін жаздық . Содан кейін олар Раббысының алдына жиналады
وَالَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا صُمٌّ وَبُكْمٌ فِي الظُّلُمَاتِ ۗ مَنْ يَشَإِ اللَّهُ يُضْلِلْهُ وَمَنْ يَشَأْ يَجْعَلْهُ عَلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Аяттарымызды өтірікке шығарғандар қараңғылықтар ішіндегі саңырау әрі мылқаулар. Аллаһ қалағанын адастырады, ал қалағанын тура жолға салады

Choose other languages: