Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #40 Translated in Kazakh

إِنَّمَا يَسْتَجِيبُ الَّذِينَ يَسْمَعُونَ ۘ وَالْمَوْتَىٰ يَبْعَثُهُمُ اللَّهُ ثُمَّ إِلَيْهِ يُرْجَعُونَ
Анығында, ден қойып тыңдайтындар шақыруыңа жауап береді. Ал, өлгендерді болса, Аллаһ тірілтеді, кейін олар Оған қайтарылады
وَقَالُوا لَوْلَا نُزِّلَ عَلَيْهِ آيَةٌ مِنْ رَبِّهِ ۚ قُلْ إِنَّ اللَّهَ قَادِرٌ عَلَىٰ أَنْ يُنَزِّلَ آيَةً وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Олар: «Оған Раббысынан бір белгі түсірілмей ме?» деді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында, Аллаһтың белгі түсіруге күші жетеді», деп. Алайда, олардың көпшілігі білмейді
وَمَا مِنْ دَابَّةٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا طَائِرٍ يَطِيرُ بِجَنَاحَيْهِ إِلَّا أُمَمٌ أَمْثَالُكُمْ ۚ مَا فَرَّطْنَا فِي الْكِتَابِ مِنْ شَيْءٍ ۚ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّهِمْ يُحْشَرُونَ
Жер бетіндегі барлық жаны бар және екі қанатымен ұшатын құс өздерің секілді қауымдар. Біз Кітапта Ләухул-махфузда еш нәрсені қалдырмадық бәрін жаздық . Содан кейін олар Раббысының алдына жиналады
وَالَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا صُمٌّ وَبُكْمٌ فِي الظُّلُمَاتِ ۗ مَنْ يَشَإِ اللَّهُ يُضْلِلْهُ وَمَنْ يَشَأْ يَجْعَلْهُ عَلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Аяттарымызды өтірікке шығарғандар қараңғылықтар ішіндегі саңырау әрі мылқаулар. Аллаһ қалағанын адастырады, ал қалағанын тура жолға салады
قُلْ أَرَأَيْتَكُمْ إِنْ أَتَاكُمْ عَذَابُ اللَّهِ أَوْ أَتَتْكُمُ السَّاعَةُ أَغَيْرَ اللَّهِ تَدْعُونَ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Шын сөзді болсаңдар, айтыңдаршы, егер сендерге Аллаһтың азабы келсе, немесе Сағат қайта тірілу күні келсе, Аллаһтан басқаны көмекке шақырасыңдар ма?» деп

Choose other languages: