Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #42 Translated in Kazakh

وَمَا مِنْ دَابَّةٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا طَائِرٍ يَطِيرُ بِجَنَاحَيْهِ إِلَّا أُمَمٌ أَمْثَالُكُمْ ۚ مَا فَرَّطْنَا فِي الْكِتَابِ مِنْ شَيْءٍ ۚ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّهِمْ يُحْشَرُونَ
Жер бетіндегі барлық жаны бар және екі қанатымен ұшатын құс өздерің секілді қауымдар. Біз Кітапта Ләухул-махфузда еш нәрсені қалдырмадық бәрін жаздық . Содан кейін олар Раббысының алдына жиналады
وَالَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا صُمٌّ وَبُكْمٌ فِي الظُّلُمَاتِ ۗ مَنْ يَشَإِ اللَّهُ يُضْلِلْهُ وَمَنْ يَشَأْ يَجْعَلْهُ عَلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Аяттарымызды өтірікке шығарғандар қараңғылықтар ішіндегі саңырау әрі мылқаулар. Аллаһ қалағанын адастырады, ал қалағанын тура жолға салады
قُلْ أَرَأَيْتَكُمْ إِنْ أَتَاكُمْ عَذَابُ اللَّهِ أَوْ أَتَتْكُمُ السَّاعَةُ أَغَيْرَ اللَّهِ تَدْعُونَ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Шын сөзді болсаңдар, айтыңдаршы, егер сендерге Аллаһтың азабы келсе, немесе Сағат қайта тірілу күні келсе, Аллаһтан басқаны көмекке шақырасыңдар ма?» деп
بَلْ إِيَّاهُ تَدْعُونَ فَيَكْشِفُ مَا تَدْعُونَ إِلَيْهِ إِنْ شَاءَ وَتَنْسَوْنَ مَا تُشْرِكُونَ
Жоқ, керісінше! Сендер тек Оны Аллаһты ғана шақырасыңдар Оған жалбарынасыңдар . Сонда сендер не нәрседен көмек сұраған болсаңдар, Ол қаласа содан құтқарады әрі сендер серік етіп қосқандарыңды ұмытасыңдар
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا إِلَىٰ أُمَمٍ مِنْ قَبْلِكَ فَأَخَذْنَاهُمْ بِالْبَأْسَاءِ وَالضَّرَّاءِ لَعَلَّهُمْ يَتَضَرَّعُونَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында сенен бұрын өткен үмметтерге де елшілер жібердік. Сөйтіп, бойсұнсын деп, оларды таршылық пен қиыншылыққа ұшыраттық

Choose other languages: