Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #44 Translated in Kazakh

قُلْ أَرَأَيْتَكُمْ إِنْ أَتَاكُمْ عَذَابُ اللَّهِ أَوْ أَتَتْكُمُ السَّاعَةُ أَغَيْرَ اللَّهِ تَدْعُونَ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Шын сөзді болсаңдар, айтыңдаршы, егер сендерге Аллаһтың азабы келсе, немесе Сағат қайта тірілу күні келсе, Аллаһтан басқаны көмекке шақырасыңдар ма?» деп
بَلْ إِيَّاهُ تَدْعُونَ فَيَكْشِفُ مَا تَدْعُونَ إِلَيْهِ إِنْ شَاءَ وَتَنْسَوْنَ مَا تُشْرِكُونَ
Жоқ, керісінше! Сендер тек Оны Аллаһты ғана шақырасыңдар Оған жалбарынасыңдар . Сонда сендер не нәрседен көмек сұраған болсаңдар, Ол қаласа содан құтқарады әрі сендер серік етіп қосқандарыңды ұмытасыңдар
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا إِلَىٰ أُمَمٍ مِنْ قَبْلِكَ فَأَخَذْنَاهُمْ بِالْبَأْسَاءِ وَالضَّرَّاءِ لَعَلَّهُمْ يَتَضَرَّعُونَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында сенен бұрын өткен үмметтерге де елшілер жібердік. Сөйтіп, бойсұнсын деп, оларды таршылық пен қиыншылыққа ұшыраттық
فَلَوْلَا إِذْ جَاءَهُمْ بَأْسُنَا تَضَرَّعُوا وَلَٰكِنْ قَسَتْ قُلُوبُهُمْ وَزَيَّنَ لَهُمُ الشَّيْطَانُ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Сонда, азабымыз келген кезде, олар бойсұнса еді. Алайда, олардың жүректері қатайып кеткен әрі шайтан оларға істеп жатқан істерін әдемі етіп көрсетті
فَلَمَّا نَسُوا مَا ذُكِّرُوا بِهِ فَتَحْنَا عَلَيْهِمْ أَبْوَابَ كُلِّ شَيْءٍ حَتَّىٰ إِذَا فَرِحُوا بِمَا أُوتُوا أَخَذْنَاهُمْ بَغْتَةً فَإِذَا هُمْ مُبْلِسُونَ
Олар өздеріне еске салынғанды ұмытқан кезде, Біз оларға әрбір нәрсенің түрлі ризықтардың есіктерін ашып қойдық. Сөйтіп олар өздеріне берілген нәрсеге мәз-мейрам болғандарында, Біз оларды кенеттен қолға алдық та олар не істерін білмей, күдерлерін үзді

Choose other languages: