Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #46 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا إِلَىٰ أُمَمٍ مِنْ قَبْلِكَ فَأَخَذْنَاهُمْ بِالْبَأْسَاءِ وَالضَّرَّاءِ لَعَلَّهُمْ يَتَضَرَّعُونَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында сенен бұрын өткен үмметтерге де елшілер жібердік. Сөйтіп, бойсұнсын деп, оларды таршылық пен қиыншылыққа ұшыраттық
فَلَوْلَا إِذْ جَاءَهُمْ بَأْسُنَا تَضَرَّعُوا وَلَٰكِنْ قَسَتْ قُلُوبُهُمْ وَزَيَّنَ لَهُمُ الشَّيْطَانُ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Сонда, азабымыз келген кезде, олар бойсұнса еді. Алайда, олардың жүректері қатайып кеткен әрі шайтан оларға істеп жатқан істерін әдемі етіп көрсетті
فَلَمَّا نَسُوا مَا ذُكِّرُوا بِهِ فَتَحْنَا عَلَيْهِمْ أَبْوَابَ كُلِّ شَيْءٍ حَتَّىٰ إِذَا فَرِحُوا بِمَا أُوتُوا أَخَذْنَاهُمْ بَغْتَةً فَإِذَا هُمْ مُبْلِسُونَ
Олар өздеріне еске салынғанды ұмытқан кезде, Біз оларға әрбір нәрсенің түрлі ризықтардың есіктерін ашып қойдық. Сөйтіп олар өздеріне берілген нәрсеге мәз-мейрам болғандарында, Біз оларды кенеттен қолға алдық та олар не істерін білмей, күдерлерін үзді
فَقُطِعَ دَابِرُ الْقَوْمِ الَّذِينَ ظَلَمُوا ۚ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Әділетсіздік істеген адамдардың соңы кесілді толығымен жойылды . Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа
قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ أَخَذَ اللَّهُ سَمْعَكُمْ وَأَبْصَارَكُمْ وَخَتَمَ عَلَىٰ قُلُوبِكُمْ مَنْ إِلَٰهٌ غَيْرُ اللَّهِ يَأْتِيكُمْ بِهِ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُصَرِّفُ الْآيَاتِ ثُمَّ هُمْ يَصْدِفُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сендердің есту және көрулеріңді алып қойып, жүректеріңді мөрлеп тастаса, сендерге оны беретін Аллаһтан басқа құдай бар ма?» деп. Біздің аяттарды қалай түсіндіретінімізге назар сал, ал олар содан кейін де бет бұрып кетеді

Choose other languages: