Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #35 Translated in Kazakh

قَدْ خَسِرَ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِلِقَاءِ اللَّهِ ۖ حَتَّىٰ إِذَا جَاءَتْهُمُ السَّاعَةُ بَغْتَةً قَالُوا يَا حَسْرَتَنَا عَلَىٰ مَا فَرَّطْنَا فِيهَا وَهُمْ يَحْمِلُونَ أَوْزَارَهُمْ عَلَىٰ ظُهُورِهِمْ ۚ أَلَا سَاءَ مَا يَزِرُونَ
Аллаһпен болатын кездесуді өтірік санағандар, зиянға ұшырады. Ал өздеріне Сағат қиямет кенеттен келгенде, олар: «Ол өмірімізде жіберіп алғандарымыз үшін біз қандай қасіретке тап болдық», дейді. Әрі олар жүктерін күнәларын арқаларына көтеріп жүреді. Олардың көтерген нәрсесі неткен жаман
وَمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا إِلَّا لَعِبٌ وَلَهْوٌ ۖ وَلَلدَّارُ الْآخِرَةُ خَيْرٌ لِلَّذِينَ يَتَّقُونَ ۗ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
бұл дүние өмірі ойын және бос ермектен басқа ешнәрсе емес. Ал, соңғы, мәңгілік өмір ақирет тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
قَدْ نَعْلَمُ إِنَّهُ لَيَحْزُنُكَ الَّذِي يَقُولُونَ ۖ فَإِنَّهُمْ لَا يُكَذِّبُونَكَ وَلَٰكِنَّ الظَّالِمِينَ بِآيَاتِ اللَّهِ يَجْحَدُونَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Біз олардың айтқандарының сені қапаландыратынын білеміз. Негізінде, олар сені өтірікші санап отырған жоқ. Алайда әділетсіздер Аллаһтың аят-белгілерін теріске шығаруда
وَلَقَدْ كُذِّبَتْ رُسُلٌ مِنْ قَبْلِكَ فَصَبَرُوا عَلَىٰ مَا كُذِّبُوا وَأُوذُوا حَتَّىٰ أَتَاهُمْ نَصْرُنَا ۚ وَلَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَاتِ اللَّهِ ۚ وَلَقَدْ جَاءَكَ مِنْ نَبَإِ الْمُرْسَلِينَ
Анығында, сенен бұрынғы елшілер де өтірікшіге шығарылған еді. Сонда олар өздерінің өтірікшіге шығарылғанына және көрген зәбірлеріне Біздің жәрдеміміз келгенге дейін сабыр етті. Аллаһтың сөздерін өзгертуші жоқ. Ақиқатында, жіберілген елшілер жайындағы хабарлардан кейбірі саған келді
وَإِنْ كَانَ كَبُرَ عَلَيْكَ إِعْرَاضُهُمْ فَإِنِ اسْتَطَعْتَ أَنْ تَبْتَغِيَ نَفَقًا فِي الْأَرْضِ أَوْ سُلَّمًا فِي السَّمَاءِ فَتَأْتِيَهُمْ بِآيَةٍ ۚ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَجَمَعَهُمْ عَلَى الْهُدَىٰ ۚ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْجَاهِلِينَ
Егер саған олардың теріс бұрылулары ауыр тисе, қолыңнан келсе, жерде өтетін бір саңылау немесе аспанда шығатын бір саты іздеп тауып, оларға белгі-мұғжиза әкел! Аллаһ егер қалағанда, оларды тура жолда жинар еді. Сондықтан, сен надандар қатарында болма

Choose other languages: