Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #36 Translated in Kazakh

قُلْ أَطِيعُوا اللَّهَ وَالرَّسُولَ ۖ فَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْكَافِرِينَ
Айт: «Аллаһқа және Елшіге бойсұныңдар», деп. Егер теріс бұрылсаңдар, ақиқатында Аллаһ кәпірлерді жақсы көрмейді
إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَىٰ آدَمَ وَنُوحًا وَآلَ إِبْرَاهِيمَ وَآلَ عِمْرَانَ عَلَى الْعَالَمِينَ
Ақиқатында, Аллаһ Адамды, Нұхты, Ибраһимнің әулеті мен Имранның әулетін әлемдер ішінен тандады
ذُرِّيَّةً بَعْضُهَا مِنْ بَعْضٍ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
бір-бірінен тараған ұрпақ етіп. Аллаһ әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші
إِذْ قَالَتِ امْرَأَتُ عِمْرَانَ رَبِّ إِنِّي نَذَرْتُ لَكَ مَا فِي بَطْنِي مُحَرَّرًا فَتَقَبَّلْ مِنِّي ۖ إِنَّكَ أَنْتَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Кезінде Имранның әйелі: «Раббым! Ақиқатында мен құрсағымдағыны азат етілген түрде Өзіңе атадым. Менен қабыл ал! Сен әрбір нәрсені Естушісің, бәрін Білушісің », деген еді
فَلَمَّا وَضَعَتْهَا قَالَتْ رَبِّ إِنِّي وَضَعْتُهَا أُنْثَىٰ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا وَضَعَتْ وَلَيْسَ الذَّكَرُ كَالْأُنْثَىٰ ۖ وَإِنِّي سَمَّيْتُهَا مَرْيَمَ وَإِنِّي أُعِيذُهَا بِكَ وَذُرِّيَّتَهَا مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ
Ол оны босанғанда: «Раббым, мен қыз босандым», деді. Аллаһ оның не босанғанын жақсы біледі. Әрі ұл қыз сияқты емес. «Мен оны Мәриям деп атадым әрі оны және оның ұрпағын қуылған шайтаннан Сенің қорғауыңды тілеп, сиынамын», деді

Choose other languages: