Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #37 Translated in Kazakh

إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَىٰ آدَمَ وَنُوحًا وَآلَ إِبْرَاهِيمَ وَآلَ عِمْرَانَ عَلَى الْعَالَمِينَ
Ақиқатында, Аллаһ Адамды, Нұхты, Ибраһимнің әулеті мен Имранның әулетін әлемдер ішінен тандады
ذُرِّيَّةً بَعْضُهَا مِنْ بَعْضٍ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
бір-бірінен тараған ұрпақ етіп. Аллаһ әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші
إِذْ قَالَتِ امْرَأَتُ عِمْرَانَ رَبِّ إِنِّي نَذَرْتُ لَكَ مَا فِي بَطْنِي مُحَرَّرًا فَتَقَبَّلْ مِنِّي ۖ إِنَّكَ أَنْتَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Кезінде Имранның әйелі: «Раббым! Ақиқатында мен құрсағымдағыны азат етілген түрде Өзіңе атадым. Менен қабыл ал! Сен әрбір нәрсені Естушісің, бәрін Білушісің », деген еді
فَلَمَّا وَضَعَتْهَا قَالَتْ رَبِّ إِنِّي وَضَعْتُهَا أُنْثَىٰ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا وَضَعَتْ وَلَيْسَ الذَّكَرُ كَالْأُنْثَىٰ ۖ وَإِنِّي سَمَّيْتُهَا مَرْيَمَ وَإِنِّي أُعِيذُهَا بِكَ وَذُرِّيَّتَهَا مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ
Ол оны босанғанда: «Раббым, мен қыз босандым», деді. Аллаһ оның не босанғанын жақсы біледі. Әрі ұл қыз сияқты емес. «Мен оны Мәриям деп атадым әрі оны және оның ұрпағын қуылған шайтаннан Сенің қорғауыңды тілеп, сиынамын», деді
فَتَقَبَّلَهَا رَبُّهَا بِقَبُولٍ حَسَنٍ وَأَنْبَتَهَا نَبَاتًا حَسَنًا وَكَفَّلَهَا زَكَرِيَّا ۖ كُلَّمَا دَخَلَ عَلَيْهَا زَكَرِيَّا الْمِحْرَابَ وَجَدَ عِنْدَهَا رِزْقًا ۖ قَالَ يَا مَرْيَمُ أَنَّىٰ لَكِ هَٰذَا ۖ قَالَتْ هُوَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۖ إِنَّ اللَّهَ يَرْزُقُ مَنْ يَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ
Раббысы оны жақсы түрде қабылдап, көркем етіп өсірді және оны Зәкәрияның қарауына берді. Зәкәрия әрқашан оның алдына михрабқа құлшылық орнына кірсе, оның алдынан ризық көретін. Ол: «Ей, Мәриям! Бұл саған қайдан келуде ?»- деді. Ол Мәриям : «Ол Аллаһтан. Ақиқатында Аллаһ қалағанына сансыз ризық береді», деді

Choose other languages: