Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #25 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ يَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَيَقْتُلُونَ النَّبِيِّينَ بِغَيْرِ حَقٍّ وَيَقْتُلُونَ الَّذِينَ يَأْمُرُونَ بِالْقِسْطِ مِنَ النَّاسِ فَبَشِّرْهُمْ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына күпірлік етушілерді сенбей, теріске шығарушыларды , құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтіретін және әділдікке бұйырушы адамдарды өлтіретіндерді күйзелтуші азаппен «қуандыр»
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَمَا لَهُمْ مِنْ نَاصِرِينَ
Міне, солар осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте амалдары зая болғандар. Оларға ешбір жәрдем беруші жоқ
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يُدْعَوْنَ إِلَىٰ كِتَابِ اللَّهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ يَتَوَلَّىٰ فَرِيقٌ مِنْهُمْ وَهُمْ مُعْرِضُونَ
Ей, Мұхаммед! Кітаптан үлес берілгендерді көрмедің бе? Олар араларына үкім шығару үшін Аллаһтың Кітабына шақырылады. Содан кейін, олардан бір топ бас тартқан күйде, теріс айналады
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُوا لَنْ تَمَسَّنَا النَّارُ إِلَّا أَيَّامًا مَعْدُودَاتٍ ۖ وَغَرَّهُمْ فِي دِينِهِمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Бұл олардың: «Бізге От тозақ ешқашан тимейді, тек санаулы күндер болмаса»,- деп айтқандықтары себепті. Оларды ойдан шығарғандары өтіріктері діндеріне қатысты өздерін алдады
فَكَيْفَ إِذَا جَمَعْنَاهُمْ لِيَوْمٍ لَا رَيْبَ فِيهِ وَوُفِّيَتْ كُلُّ نَفْسٍ مَا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Біз оларды болуында күмән жоқ Күн үшін жинап, әрбір жанға тапқаны толық берілген кезде жағдайы қалай болмақ? Оларға әділетсіздік етілмейді

Choose other languages: