Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #27 Translated in Kazakh

أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يُدْعَوْنَ إِلَىٰ كِتَابِ اللَّهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ يَتَوَلَّىٰ فَرِيقٌ مِنْهُمْ وَهُمْ مُعْرِضُونَ
Ей, Мұхаммед! Кітаптан үлес берілгендерді көрмедің бе? Олар араларына үкім шығару үшін Аллаһтың Кітабына шақырылады. Содан кейін, олардан бір топ бас тартқан күйде, теріс айналады
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُوا لَنْ تَمَسَّنَا النَّارُ إِلَّا أَيَّامًا مَعْدُودَاتٍ ۖ وَغَرَّهُمْ فِي دِينِهِمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Бұл олардың: «Бізге От тозақ ешқашан тимейді, тек санаулы күндер болмаса»,- деп айтқандықтары себепті. Оларды ойдан шығарғандары өтіріктері діндеріне қатысты өздерін алдады
فَكَيْفَ إِذَا جَمَعْنَاهُمْ لِيَوْمٍ لَا رَيْبَ فِيهِ وَوُفِّيَتْ كُلُّ نَفْسٍ مَا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Біз оларды болуында күмән жоқ Күн үшін жинап, әрбір жанға тапқаны толық берілген кезде жағдайы қалай болмақ? Оларға әділетсіздік етілмейді
قُلِ اللَّهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ تُؤْتِي الْمُلْكَ مَنْ تَشَاءُ وَتَنْزِعُ الْمُلْكَ مِمَّنْ تَشَاءُ وَتُعِزُّ مَنْ تَشَاءُ وَتُذِلُّ مَنْ تَشَاءُ ۖ بِيَدِكَ الْخَيْرُ ۖ إِنَّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Йа, билік иесі Аллаһ! Сен билікті қалағаныңа беріп, қалағаныңнан билікті алып қоясың. Қалағаныңды үстем етіп, қалағаныңды қор қыласың. жақсылық барлық қайырлы нәрсе Сенің қолыңда. Ақиқатында, Сен барлық нәрсені Жасай алушысың
تُولِجُ اللَّيْلَ فِي النَّهَارِ وَتُولِجُ النَّهَارَ فِي اللَّيْلِ ۖ وَتُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَتُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ ۖ وَتَرْزُقُ مَنْ تَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ
Сен түнді күндізге ендіріп, күндізді түнге ендіресің. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Әрі қалағаныңа сансыз ризық бересің», деп

Choose other languages: