Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #29 Translated in Kazakh

فَكَيْفَ إِذَا جَمَعْنَاهُمْ لِيَوْمٍ لَا رَيْبَ فِيهِ وَوُفِّيَتْ كُلُّ نَفْسٍ مَا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Біз оларды болуында күмән жоқ Күн үшін жинап, әрбір жанға тапқаны толық берілген кезде жағдайы қалай болмақ? Оларға әділетсіздік етілмейді
قُلِ اللَّهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ تُؤْتِي الْمُلْكَ مَنْ تَشَاءُ وَتَنْزِعُ الْمُلْكَ مِمَّنْ تَشَاءُ وَتُعِزُّ مَنْ تَشَاءُ وَتُذِلُّ مَنْ تَشَاءُ ۖ بِيَدِكَ الْخَيْرُ ۖ إِنَّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Йа, билік иесі Аллаһ! Сен билікті қалағаныңа беріп, қалағаныңнан билікті алып қоясың. Қалағаныңды үстем етіп, қалағаныңды қор қыласың. жақсылық барлық қайырлы нәрсе Сенің қолыңда. Ақиқатында, Сен барлық нәрсені Жасай алушысың
تُولِجُ اللَّيْلَ فِي النَّهَارِ وَتُولِجُ النَّهَارَ فِي اللَّيْلِ ۖ وَتُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَتُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ ۖ وَتَرْزُقُ مَنْ تَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ
Сен түнді күндізге ендіріп, күндізді түнге ендіресің. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Әрі қалағаныңа сансыз ризық бересің», деп
لَا يَتَّخِذِ الْمُؤْمِنُونَ الْكَافِرِينَ أَوْلِيَاءَ مِنْ دُونِ الْمُؤْمِنِينَ ۖ وَمَنْ يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَلَيْسَ مِنَ اللَّهِ فِي شَيْءٍ إِلَّا أَنْ تَتَّقُوا مِنْهُمْ تُقَاةً ۗ وَيُحَذِّرُكُمُ اللَّهُ نَفْسَهُ ۗ وَإِلَى اللَّهِ الْمَصِيرُ
Имандылар мүміндер имандылардың орнына кәпірлерді дос тұтпасын. Кім осыны істесе, оның Аллаһпен ешқандай байланысы қалмайды. Тек, олардан имансыздардан қауіптеніп, әлдебір сақтану үшін болса, онда басқа. Аллаһ сендерді Өзінен Өзінің жазасынан сақтандырады. Әрі қайтуларың Аллаһқа Оған қайтасыңдар
قُلْ إِنْ تُخْفُوا مَا فِي صُدُورِكُمْ أَوْ تُبْدُوهُ يَعْلَمْهُ اللَّهُ ۗ وَيَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Көкіректеріңдегіні жасырсаңдар да, не оны жарияласаңдар да Аллаһ оны біледі. Әрі Ол аспандардағыны да, жердегіні де біледі. Аллаһтың барлық нәрсені Жасай алушы», деп

Choose other languages: