Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #125 Translated in Kazakh

وَإِذْ غَدَوْتَ مِنْ أَهْلِكَ تُبَوِّئُ الْمُؤْمِنِينَ مَقَاعِدَ لِلْقِتَالِ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Кезінде, ей, Мұхаммед сен үйіңнен имандыларды мүміндерді шайқас орындарына орналастыру үшін ерте шықтың. Аллаһ әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші
إِذْ هَمَّتْ طَائِفَتَانِ مِنْكُمْ أَنْ تَفْشَلَا وَاللَّهُ وَلِيُّهُمَا ۗ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ
Сол кезде сендерден екі топ осалдық танытамыз ба деп уайымдады. Ал, ол екеуінің Қамқоршысы Аллаһ. Имандылар мүміндер Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын тәуекел етсін
وَلَقَدْ نَصَرَكُمُ اللَّهُ بِبَدْرٍ وَأَنْتُمْ أَذِلَّةٌ ۖ فَاتَّقُوا اللَّهَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Әрі Аллаһ сендерге Бәдірде, әлсіз халде болғандарыңда көмек берген еді. Шүкір ету берген игіліктеріне алғыс білдіру үшін Аллаһтан Оның тыйғандарынан қорқып, сақтаныңдар
إِذْ تَقُولُ لِلْمُؤْمِنِينَ أَلَنْ يَكْفِيَكُمْ أَنْ يُمِدَّكُمْ رَبُّكُمْ بِثَلَاثَةِ آلَافٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُنْزَلِينَ
Ей, Мұхаммед! Сол кезде сен имандыларға мүміндерге : «Раббыңыз сендерге үш мың періште түсіріп қолдаса жетпей ме?» деп айтуда едің
بَلَىٰ ۚ إِنْ تَصْبِرُوا وَتَتَّقُوا وَيَأْتُوكُمْ مِنْ فَوْرِهِمْ هَٰذَا يُمْدِدْكُمْ رَبُّكُمْ بِخَمْسَةِ آلَافٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُسَوِّمِينَ
Әрине! Егер сабыр етсеңдер әрі тақуалық қылсаңдар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, сол сәтте олар жау әскері сендерге бірден келіп қалса, сонда Раббыңыз сендерді белгісі бар бес мың періштемен қолдайды

Choose other languages: