Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #127 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ نَصَرَكُمُ اللَّهُ بِبَدْرٍ وَأَنْتُمْ أَذِلَّةٌ ۖ فَاتَّقُوا اللَّهَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Әрі Аллаһ сендерге Бәдірде, әлсіз халде болғандарыңда көмек берген еді. Шүкір ету берген игіліктеріне алғыс білдіру үшін Аллаһтан Оның тыйғандарынан қорқып, сақтаныңдар
إِذْ تَقُولُ لِلْمُؤْمِنِينَ أَلَنْ يَكْفِيَكُمْ أَنْ يُمِدَّكُمْ رَبُّكُمْ بِثَلَاثَةِ آلَافٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُنْزَلِينَ
Ей, Мұхаммед! Сол кезде сен имандыларға мүміндерге : «Раббыңыз сендерге үш мың періште түсіріп қолдаса жетпей ме?» деп айтуда едің
بَلَىٰ ۚ إِنْ تَصْبِرُوا وَتَتَّقُوا وَيَأْتُوكُمْ مِنْ فَوْرِهِمْ هَٰذَا يُمْدِدْكُمْ رَبُّكُمْ بِخَمْسَةِ آلَافٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُسَوِّمِينَ
Әрине! Егер сабыр етсеңдер әрі тақуалық қылсаңдар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, сол сәтте олар жау әскері сендерге бірден келіп қалса, сонда Раббыңыз сендерді белгісі бар бес мың періштемен қолдайды
وَمَا جَعَلَهُ اللَّهُ إِلَّا بُشْرَىٰ لَكُمْ وَلِتَطْمَئِنَّ قُلُوبُكُمْ بِهِ ۗ وَمَا النَّصْرُ إِلَّا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ
Аллаһ мұны сендерге қуанышты хабар әрі жүректеріңнің орнығуы үшін ғана жасады. Көмек тек қана бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһтан болады
لِيَقْطَعَ طَرَفًا مِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَوْ يَكْبِتَهُمْ فَيَنْقَلِبُوا خَائِبِينَ
Сөйтіп, сондай күпірлік еткендердің иманғакелмегендердің бір жағын жойып немесе бетін қайтарып, олардың үміттері орындалмай қайтулары үшін

Choose other languages: