Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #128 Translated in Kazakh

إِذْ تَقُولُ لِلْمُؤْمِنِينَ أَلَنْ يَكْفِيَكُمْ أَنْ يُمِدَّكُمْ رَبُّكُمْ بِثَلَاثَةِ آلَافٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُنْزَلِينَ
Ей, Мұхаммед! Сол кезде сен имандыларға мүміндерге : «Раббыңыз сендерге үш мың періште түсіріп қолдаса жетпей ме?» деп айтуда едің
بَلَىٰ ۚ إِنْ تَصْبِرُوا وَتَتَّقُوا وَيَأْتُوكُمْ مِنْ فَوْرِهِمْ هَٰذَا يُمْدِدْكُمْ رَبُّكُمْ بِخَمْسَةِ آلَافٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُسَوِّمِينَ
Әрине! Егер сабыр етсеңдер әрі тақуалық қылсаңдар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, сол сәтте олар жау әскері сендерге бірден келіп қалса, сонда Раббыңыз сендерді белгісі бар бес мың періштемен қолдайды
وَمَا جَعَلَهُ اللَّهُ إِلَّا بُشْرَىٰ لَكُمْ وَلِتَطْمَئِنَّ قُلُوبُكُمْ بِهِ ۗ وَمَا النَّصْرُ إِلَّا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ
Аллаһ мұны сендерге қуанышты хабар әрі жүректеріңнің орнығуы үшін ғана жасады. Көмек тек қана бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһтан болады
لِيَقْطَعَ طَرَفًا مِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَوْ يَكْبِتَهُمْ فَيَنْقَلِبُوا خَائِبِينَ
Сөйтіп, сондай күпірлік еткендердің иманғакелмегендердің бір жағын жойып немесе бетін қайтарып, олардың үміттері орындалмай қайтулары үшін
لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ أَوْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ أَوْ يُعَذِّبَهُمْ فَإِنَّهُمْ ظَالِمُونَ
Ей, Мұхаммед! саған бұл істе ешнәрсе жоқ. Ол Аллаһ не олардың істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл етеді немесе оларды азаптайды. Өйткені, олар – әділетсіздер

Choose other languages: